Жиынтық жұмыс – белгілі бір оқу кезеңінде пән бойынша оқу
жетістігі деңгейін анықтауға негізделген білім алушының жұмысы.
Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім
алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін
нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі. Қалыптастырушы бағалау – оқу
үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім
арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін
бағалаудың түрі.
Модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін
қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау
бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс.
Ойлау дағдыларының деңгейлері – әрбір деңгейі ойлау дағдыларын
анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық
өзара байланыстағы жүйесі.
Оқу бағдарламасының ортақ тақырыбы – нақты пән бойынша оқу
мақсаттарына жету үшін түрлі пәндер аясында білімі мен білігін біріктіретін
құрал ретінде пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ компонент.
Оқу мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу
курсы аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін
нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым.
Оқытудың күтілетін нәтижелері – білім алушының оқу үдерісі
аяқталған кезде нені біліп, түсініп, нені көрсете алатынын айқындайтын
құзыреттіліктер жиынтығы.
Рефлексия – қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне талдау
жасауға, өзін-өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі.
Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу
жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы – тоқсандық
жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны
өткізуге қойылатын талаптар.