Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары



Pdf көрінісі
бет2/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

 
 
 
 
ӘОЖ 681.2 
КБЖ 30.10 
 
 



Кіріспе 
 
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына апаратын күш тек білімде 
ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, оның ұлттық білім жүйесінің 
деңгейіне, даму бағытына байланысты. Қазіргі кезеңде егеменді елімізде 
білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт 
алуда. 
Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында 
әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол 
жеткізудің бір бағыты оқытудың, әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің 
тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау деп көрсетілген. 
Еліміз әлемдік өркениетке кіріккен тұста білім беру жүйесінде үлкен 
бетбұрыс болғаны белгілі. Соның негізінде білім сапасын жаңа деңгейге 
көтеру мақсатында Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 
2011-2020 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша 
мектептегі білім беру жүйесінің 12 жылдыққа көшу мәселесінің енуі бейінді 
оқытуды мәселесін дамытуды көздеп отыр.
Сонымен қатар, қазіргі білім беру стратегиясына сәйкес оқушының 
еңбегін бағалау тәсілдерінің болуы, әрбір пәндік аумақтың динамикалық 
үздіксіз дамуына сәйкес білімді бақылау мен бағалаудың жетілдірілген 
әдістемесін 
анықтап 
және 
оны 
ақпараттық 
коммуникациялық 
технологияларды кешенді қолдана отырып, жүйелі түрде жүргізу және 
осыған болашақ мұғалімдерін дайындау.
«Бағалаудың өлшемдік технологиялары» пәні арнайы пәндер модулінің 
міндетті пәндер компонентіне кіреді. Бұл пәнді меңгеруде студенттер жалпы 
білім беру және кәсіби пәндер модулінен оқитын пәндерден игерген білік, 
дағдыларына сүйенеді. 
«Бағалаудың 
өлшемдік 
технологиялары» 
пәні 
педагогикалық 
мамандықтағы студенттердің, әртүрлі бағыттағы және мамандандырылған 
мектептің болашақ мұғалімі ретіндегі кәсіби дайындықтарын шыңдау 
мақсатында кіргізілді.
«Бағалаудың өлшемдік технологиялары» оқу – әдістемелік құралында 
білім алушыларға бағалаудың түрлері мен ұстанымдары, бағалаудың орны 
мен рөлі жайында мағлұмат беріліп, критериалдық бағалау технологиясының 
моделі, критериалдық кесте-рубрикаторлары, форматтық бағалау және 
суммалық (ішкі және сыртқы) бағалаудың ерекшеліктері түсіндіріліп, оқу 
бағдарламасы және оқу жоспарының (қысқа, орта, ұзақ) түрлері жайында 
ұғымдар қалыптастырылып, портфолионың педагогикалық міндеттері, 
функциясы мен құрамы және оны қолданудың білік-дағдылары жайында 
түсінік беріледі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет