Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары



Pdf көрінісі
бет9/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

Дәрісті бекіту сұрақтары: 


11 
1.Оқу жетістігін бағалау жүйесі. 
2.Оқу жетістігін бағалаудың негізгі принциптері. 
3.Оқушылардың оқу жетістігін бағалау түрлері. 
4.Формативті және суммативті бағалау жүйесі.
5.12-жылдық білім берудегі бағалау жүйесі. 
 
 
2-Дәріс. Мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау
 
Дәрістің негізгі сұрақтары:
 
1.Оқу жетістіктерін критерийлік бағалау туралы жалпы түсінік. 
2.Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критерийлері. 
3.Критериалды бағалаудың негізгі принциптері мен функциялары. 
4.Критериалды бағалаудың тиімділігі. 
Критериалды бағалау 
бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. 
Өйткені қазір білім алушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты 
рөлде оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен 
дұрыс қарым-қатынас жасау, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты 
мақсаттар қойылғандығында. Критериалды бағалауда күтілетін нәтиже: 
болашақ маман білімді бағалау туралы ақпарат алады, салыстырады, топтық 
бағалау арқылы критерий жасауды үйреніп, бағалау парақшасын жасап
сабақта қолдануға бейімделеді. 

Критерийлік бағалау жүйесі
 
- қандай да бір оқу материалы 
қаншалықты мөлшерде меңгерілгендігін анықтайтын, іс жүзіндегі дағдылар 
қалыптасатын, оқу курсында бекітілген белгілі бір талаптардың ең аз көлемін 
меңгеру деңгейін салыстыру мүмкіндігі анықтайтын жүйе. 
Критериалды бағалауды енгізудің 
мақсаты
— мектепте білім беру 
сапасын көтеру, мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа 
сәйкестендіру. 
Критерийлік бағалау: 
-Оқушының жеке басы емес, оның жұмысы ғана бағаланады; 
-Оқушының жұмысы басқа оқушылардың жұмысымен емес,
эталонмен салыстырылады, (үздік орындалған жұмыс үлгісімен), эталон 
оқушыларға алдын ала белгілі; 
-Оқушы өз жетістіктері мен өзінің бағасын анықтайтындай бағалаудың нақты 
алгоритмі жасалған;
-Оқушыға берілген білім ғана бағалана алады, сондықтан бағалау критерийі - 
оқу мақсаттарының нақты көрінісі. 


12 
Пән бойынша жалпы оқу мақсаттары оқушылардың сол пән бойынша 
жетістіктерін және олардың жекелей жұмыстарының нәтижесін жалпылау – 
бағалау критерийлері болып табылады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет