Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары



Pdf көрінісі
бет17/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

Дәрісті бекіту сұрақтары: 
1.Блум таксономиясы дегеніміз не? 
2.Блум таксономиясының 6 деңгейін түсіңдір. 
3.«Түсіну» ұғымынын төрт тобын саралаңыз. 
4-Дәріс. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша критериалды 
бағалаудың ұстанымдары 
 
Дәрістің негізгі сұрақтары:
1.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты мен ұстанымдары
.
2. Оқыту мен бағалау нәтижелері арасындағы байланыс. 
3. Өзін-өзі бағалау. 
Бүгінгі білім беру жүйесінің ерекшелігі - білім алушының қандай да бір 
іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту болып табылады. 
Ұлы педагог Ы.Алтынсарин «Оқытушы бағалағанда олардың іске 
қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістерінің бетіне шыққан 
жемістеріне, яғни оқушыларына қарай бағалау керек» деп, айтқандай, оқушы 
жетістігін нақты бағалау мәселесі - білім беру жүйесіндегі өзекті 
мәселелердің бірі.
Оқушылардың білім нәтижелерін бағалау оқыту үдерісінің маңызды 
бөлігі болып табылады, оқыту үдерісін басқарудың түйінді кілті бағалауда 
деп те айтуға болады. Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа 
оқушымен салыстырмалы түрде бағаланып келді.
«Бағалау» термині «жақын отыру» латын тіліндегі мағынада-
бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін 
немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе 
тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. 


21 
Өз кезегінде, білім беру сапасын жоғарылату оқушылар жетістіктерін 
бағалаудың нақты критерийлерін жасауды талап етеді. Бағалаудағы ерекше 
амал критерий арқылы бағалау болып табылады.
Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау мен ішкі 
жиынтық бағалаудан тұрады. Білім алушылардың оқу жетістіктерін 
бағалаудың жаңа жүйесін педагогтер мен ата-аналар әртүрлі қабылдады. Сол 
себепті, жыл бойы сұрақтар туындады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі:
- оқыту мен бағалаудың біртұтастығына негізделеді;
- білім алушылардың ілгерілеушілігі мен үлгерімін қамтамасыз етуде 
біртұтас тәсілді қалыптастыруға бағытталады;
- оқу бағдарламаларына сәйкес дағдыларды дамыту және білім алуға 
дәлелдемелер жинақтау мен оқыту мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз 
етеді;
- әрбір сынып үшін пән бойынша оқу бағдарламасының мазмұны 
негізінде бағалау түрлері мен әдіс-тәсілдерінің алуан түрлерін қамтиды. 
Критериалды бағалау жүйесі оқыту, оқу мен бағалаудың өзара байланысына 
негізделгенін есте сақтау маңызды.
Критериалды бағалаудың нәтижелері білім беру процесін тиімді 
жоспарлау мен ұйымдастыру үшін пайдаланылады.
Критериалды бағалау білім алушылардың дағдыларының даму 
дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді. Әрбір сабақ оқыту мақсаттары мен 
оларға жету критерийлерін айту /көрсетуден басталуы керек. Білім алушы 
қойылған оқу мақсатын түсінуі, ұғынуы және оған қалай қол жеткізуге 
болатынын білуі тиіс.
Критериалды бағалау технологиясын пайдалану қандай да бір 
практикалық 
дағдының 
қалыптастырылғанын, 
оқу 
материалының 
қаншалықты табысты меңгерілгенін анықтауға мүмкіндік беретін анық 
айқындалған, алдын ала белгілі критерийлермен білім алушылардың 
жетістіктерін салыстыру. Осыған сәйкес, әрбір білім алушының жалпы 
дайындық деңгейінің өзгерістері сияқты, оның алдыңғы жетістіктерімен 
салыстырғандағы табыстарының динамикасын да тіркеуге мүмкіндік бар. 
Мұғалімге критериалды бағалауды оқу процесін неғұрлым тиімді 
ұымдастыру, білім алушыларға уақытылы қолдау көрсету және олардың 
оқудағы жетістіктерін қамтамасыз ету.
Бағалаудың бұндай жүйесі біріншіден балаларды табысты оқуға 
ынталандыруға, біліміндегі олқылықтарды анықтауға және олардың өсуін 
көрнекті түрде көрсетуге бағытталған. Критериалды бағалау жүйесінің үлкен 
артықшылығы білім алушыға түсетін күйзеліс жүктемесінің төмендеуі болып 
табылады.
Бірлескен ынтымақтастықта өзіндік, жұптық, топтық жұмыс 
дағдыларын иелену процесі белгісінен, маңызды әлеуметтік құзыреттілікті 
дамытуға өзгереді. Критериалды бағалау білім алушылардың оқуға деген 


22 
қызығушылығын дамыту, оқытудың ізгілікті, достық ортасын құру, оқу 
процесінде білім алушыларды қолдау, білім алушылардың оқуға деген 
ынтасын одан әрі нығайту, зерттеу, шығармашылық іс-әрекеттерге қатысу 
үшін пайдаланылады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет