27
қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Берілген анықтаманың
маңызды элементтерінің бірі оқушылардың деректерді қолдануына баса
назар аударту болып табылады. Бұл ретте, мұғалімдер жалғыз бағалаушы
тұлға болмайтындығына назар аударылады.
Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы
мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар
белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар
өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға
өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес
жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және
ықыласпен әрекет етуді қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: