Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары



Pdf көрінісі
бет20/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

Бағалау 
көрсеткіштері
Қалыптастырушы 
бағалау
Ішкі 
жиынтық 
бағалау
Тоқсандық баға 
30% 
70% 
Жылдық баға 
30% 
70% 
Өзін-өзі бағалау
– бұл өзінің мықты және әлсіз жақтары, 
мүмкіншіліктер мен мәселелері жайлы ақпараттарды талдап жинауға 
бағытталған процесс. 
Өзара бағалау оқушыларға кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір- 
бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға, 
әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін бірі сынауға мүмкіндік береді. Сапалы 
өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, 
нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін 
жауапкершілігін арттыруға бағытталады. 
Баға оқушының кемшіліктерін табу үшін емес, әрі қарай дамуына 
ықпал ету үшін қойылады. Баға қою бағалаудан туады және де бала келесі 
балаға баға қоймайды, тек бағалайды. Өзін өзі бағалау өзін өзі реттеуге 
жетелейді.
Оқуды бағалау.
Оқуды бағалаудың мақсаты
, керісінше, оқушы қазіргі 
уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол тікелей 
келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, бірақ маңызды мәні бар тестілеу 
оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін (Assessment Reform Group, 2002b). 
Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген 
нормалармен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген 
деңгейімен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай 
қорытындылар стандартқа немесе әдетте балл немесе деңгей түрінде 
келтірілген межелікке «
сәйкес/сәйкес емес
» деген нысанда жасалады. Бұл 
олар негізделген өлшемдер мен стандарттардың таңбалануы. 
Оқыту үшін бағалау. 
ОүБ кезінде бақылау, интерпретация және 
өлшемдер оқытуды бағалау кезінде қолданылатын өлшемдерге ұқсас болуы 
мүмкін, бірақ олардан туатын қорытынды және шешім басқа сипатта болады. 
Негізінен, ОүБ балалар оқыту үдерісінің қандай кезеңінде екенін, әсіресе 
олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептері қандай 
екендігі туралы алынған мәліметтерге басты назар аудартады. Осылайша, 
ОүБ қорытындысы бұдан әрі дамыту үшін олардың не істеуі мүмкін 
екендігіне негізделген. 
Бағалау Реформасының Тобы (2002) оқыту үшін бағалауға мынадай 
анықтама береді: 
Оқыту үшін бағалау– бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай 
сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай 
жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері 


27 
қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Берілген анықтаманың 
маңызды элементтерінің бірі оқушылардың деректерді қолдануына баса 
назар аударту болып табылады. Бұл ретте, мұғалімдер жалғыз бағалаушы 
тұлға болмайтындығына назар аударылады.
Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы 
мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар 
белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар 
өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға 
өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес 
жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және 
ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет