Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары


Ішкі жиынтық бағалауды өткізу



Pdf көрінісі
бет28/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

Ішкі жиынтық бағалауды өткізу 
Ішкі жиынтық бағалау бақылау жұмысы ретінде берілген, сондықтан 
ІЖБ өтерге дейін материалдар оқушылардан қатаң құпия түрінде ұсталынуы 
қажет. Олар жабық шкафта, оқушылар көре алмайтын жерде сақталуы тиіс. 
Тапсырмалар белгілі бір қызметкерлер кіруге ғана мүмкіндігі бар 
анықталған жерде сақталынады.
ІЖБ негізінен мұғалімдер өткізеді, оқушылар ІЖБ жазғанда, кабинетте 
тек бір мұғалім болуы мүмкін. Мүмкіндігінше, кез-келген бос мұғалім ІЖБ 


38 
өткізуде мұғалімге көмектесуі қажет. Бұл адам, көмекші бақылаушы рөлін 
атқарады және ол бас-бақылаушы мұғалімнен нұсқаулық алады. ІЖБ өткізу 
кезінде мұғалімдер және басқа бақылаушылар бағалауды тиісті деңгейде 
және тәртіппен өткізуді мұқият бақылаулары қажет, басқа іс-әрекет 
жасамаулары өте маңызды (мысалы, дәптер тексеру, ноутбукте жұмыс 
жасау). Бағалау кезінде барлық мұғалімдер мен қатысқан бақылаушылар 
шапшаң және зейін қоятын мұғалімдер болуы керек.
Ішкі жиынтық бағалауды өткізуге дайындық.
ІЖБ өткізілетін кабинеттерді, мұғалімнің алдын-ала дайындап қоюы қажет. 
Бұл кабинеттер оқушылардың күнделікті сабақ өтетін кабинет болуы және 
қоршаған орта оқушыға таныс болуы керек. ІЖБ кабинетті дайындағанда 
назар аудару қажет:
• 
оқушыларды қалай отыратыны туралы, олар жеке, шусыз жұмыс 
жасайтынын ойлау қажет;
• 
оқушылар бір-бірден, тақта жаққа қарап, басқа оқушылардың жұмыстарына 
қарай алмайтындай болып отырулары керек. Екі партаның арасы егер 
оқушылардан сұрақ және мәселе туындаса мұғалім мен бақылаушылар оңай 
өтуі болатындай болуы керек;
• 
негізгі нұсқаулықтар мен уақытты көрсетіп жазатын тақта немесе флипчарт 
оқушылардың алдында тұруы керек;
• 
оқушы тапсырма орындаған кезінде көмек беретіндей кез келген көмекші 
құралды немесе плакатты қабырғадан жауып қою немесе алып тасталынуы 
қажет.
ІЖБ өткізер алдында, мұғалім, оқушылардың ІЖБ тапсыруға 
көмектесетіндей заттарды әкелмегендеріне көз жеткізуі керек. Оқушылар 
өздерімен тек нұсқаулықтың сұрақ кітапшасында жазылған заттарды, 
құралдарды немесе материалдарды алып келуіне болады. Тыйым салынған 
заттарды әкелу ережені бұзу болып есептелінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет