Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары



Pdf көрінісі
бет36/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

Күшті жағы: 
барлық жастағы балалардың зерттеу әрекетін 
қолдайтындар жарыстар, түрлі конкурстар болуы. 
Әлсіз жағы: 
барлық баламен бірге жоба жазу, қатысуының тиімді 
жолдарын білмеушілік. 
Мүмкіндіктер: 
мұғалімнің дарындылықты дамытудың тәжірибесінің 
қалыптасуы, жинақталуы, басқа оқушыларды тартуы. 
Қауіп: 
бала бойындағы ерекшеліктерді уақытында қолға алмау, бала 
қажеттігін қанағаттандыра алмау. 
Мектептегі оқытудың сапасы қойылған мақсаттарға жету үшін 
құрылған, педагогикалық технологияға тікелей байланысты болады. 
Жоспарланған қорытындыларға жетуді бағалау технологиясы сияқты, 
бағалау жүйесі, мектептік білім беру кеңістігінің басты факторы,кері 
байланысты жүзеге асыруының және оқыту мәселелерініңдиагностикасының 
негізгі құралы болып табылады. 
Өлшемдік бағалау, мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес, 
үйренушілердің жетістігін бағалау мен бақылауының баламалы жүйесі болып 
табылады. 
«Өлшемдік бағалау технологиясы» келесіні анықтайды: 
-Өлшемдік бағалауының функцияларын; 
-Өлшемдік бағалауының тапсырмаларын; 
-Жаңа бағалау жүйесіне деген талаптар. 
Өлшемдік бағалау - білім берудің мазмұны мен мақсатына сәйкес 
болатын, үйренушілердің оқу-танымдық біліктілігінің қалыптасуына жағдай 
жасайтын, айқын анықталған, ұжымдық қалыптастырылған, барыс 
қатысушыларына алдын-ала мәлім белгілері бар оқушылардың оқу 
жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс. 
Педагогикалық қызметтің келесі кезеңі білім беру барысына өлшемдік 
бағалау технологиясын енгізуді болжаған. 
Қалыптастыратын (ағымды) бағалау кезінде өзін-өзі бағалау мен 
бақылау дәптерлерін қолданамын, олар маған сабақтағы жұмыстың білімдері 
мен дағдыларын ұғып алуының ағымды деңгейін анықтауға көмектеседі. 
Сабақта оқушылардың жетістіктерін бағалау үшін, белгілер бойынша 
карточканы құрастыруға ұсынамын. Бағалау үшін белгілер тізімін, олар 
оқушылармен ұғыну мөлшері бойынша бірте-бірте енгіземін. Берілген 
бағалау түрі маған (мұғалімге) жол береді:
•сапалы нәтижелерді алуға мүмкіндік туғызатын белгілерді әзірлеуге;
•өз әрекетімді талдау мен жоспарлау үшін шұғыл ақпараттың бар 
болуы; оқыту сапасын жақсартуға. Менің оқушыларыма: өзінің түсінуін 
білдіру үшін ойлау әрекеті мен қабілеттілігінің түрлерін, білім беру стилінің 
әртүрлілігін қолдану; нәтижелерді болжау үшін бағалау белгілерін білуге 


47 
және түсінуге; жетістіктің белгілерін сезіну; өзін және өзінің құрдастарын 
бағалай отырып рефлексияға қатысу; Ата-аналарға: Баланың жаттыққандық 
деңгейінің дәлелдерін алуға; Баланы оқытудағы ілгерілікті қадағалауға; Оқу 
барысында баланы қолдауды қамтамасыз етуге. 
Өлшемдік бағалаудың тәжірибелік мағынасын белгілеймін: оқушының 
жұмысы ғана бағаланады; оқушының жұмысы, оқушыларға алдын-ала мәлім, 
дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен (эталонмен) салыстырылады.
Оқушыға баға шығаруының айқын бағдаржолы мәлім, ол бойынша ол 
өз жұмысының деңгейін өзі анықтай және ата-анасына хабарлайалады; 
Өлшемдік бағалау жүйесі ағымды және қорытынды белгілерін қою тәсілі 
мағынасында, сонымен қатар осы белгілер қойылатын мақсаттарға жету 
жағынан мүлде ашық. Сондай-ақ ол мен-мұғалім, оқушы және ата-ана 
арасындағы тұрақты байланысты ескертіп және қамтамасыз етіп, оқыту 
мәселелері диагностикасының құралы болып табылады. 
Осылайша, өлшемдік бағалау технологиясы стандарт негізінде жататын 
қағидаттарды өзіне нақтылы түрде көрсетеді. 
Оны қолдануының әдістемесін сақтау жағдайы кезінде, бейімделу 
кезеңініңеңбек сыйымдылығы мен шығындарының орны, баланың танымдық 
ынтасының сақталуымен, онда оқу, еңбек ету ықыласының дамуымен, яғни 
үйренушілердің білім сапасының жоғарлауымен толтырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет