Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары



Pdf көрінісі
бет38/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

Мақсатына қарай:
- Жеке портфолио. 
- Портфолио-есеп болып бөлінеді. 
Портфолио әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән 
санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, 
оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой 
қабілетін, диалектикалық дүние-танымын, өмірлік мақсат-мүддесін айқын-
дауға, жеке басының қасиеттерін дамытып оны қоғам талабына сай іске 
асыруға көмектеседі. 
Мазмұнына қарай портфолио: 
- Жетістіктер портфолиосы (оқу-шының үздік жұмыстары); 
- Рефлексивті портфолио (оқушының материалдары және бағалары); 
- Проблемалық бағыттағы (белгілі бір проблеманы шешу нәтижесі мен 
мақсатын көрсететін материалдар); 
- Тақырыптық портфолио (белгілі бір тақырып бойынша оқушының 
жұмыстарын көрсететін материалдар); 
- Мақсатсыз портфолио (оқушы жұмысының жинақ папкасы) болып 
бөлінеді. 
Білім алушы портфолиосына ұсынылған құрылым:
• Титул беті;
Пән бойынша бөлгіштер;


49 
• Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша, тоқсандық жиынтық бағалау 
жұмыстары, мысалы: бағалау критерийлері, балл қою кестесімен жазба 
жұмыстары, таныстырылымдар, бақылау жұмыстары, эссе, т.б.; 
• Білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін көрсететін күнделікті 
сабақ үдерісінде орындаған жұмыстары;
• Мұғалімнің кері байланысы, пікірлері, ұсыныстары;
• Білім алушының рефлексиясы. 
• Портфолионың формасы білім алушылардың жас ерекшелігіне, пәнге 
байланысты. Мысалы, портфолио электрондық үлгіде болуы мүмкін 
(электрондық портфолио), ол электрондық тасымалдаушы құралда сақталады 
(дискіде). Портфолионың мазмұны міндетті түрде болу керек. 
Портфолио қолданудың реті: 
- Әр оқушының өзіне портфолио неге керек екенін түсінуі; 
- Портфолионың түрін анықтау: мұғалім көрсетеді немесе оқушы таңдайды; 
- Портфолиомен жұмысты аяқтау уақытын білуі; 
- Портфолионың құрылымын анықтау; 
- Бағалау көрсеткіштерін анықтау (бұл оқушымен бірлесе отырып шешілетін 
мәселе); 
- Бағалау тәсілін анықтау. 
Портфолио білім беру үрдісіндегі бағалау жүйесін ұсынады. Оның 
дәстүрлі әдістерден айырмашылығы бар. 
Аяқталған портфолионың көрсеткіштері: 
- Ойлылығы (оқушының портфолионы жүргізудегі түсінігін бақылау); 
- Оқу – білімге қарым-қатынасының өсуі мен дамуы; 
- Негізгі әрекеттерді түсінуі; 
- Портфолио бойынша қолданған әдістер мен үрдістердің дұрыстығы, 
қажеттілігі; 
- Тәсілдердің көптүрлілігі. 
Оқушы портфолиосын Ресейде оқушының даму траекториясын 
бақылау үшін қолданады.
Біздің елімізде мектеп 12 жылдық білім беруге көшкенде, оқушы 
портфолиосы, олардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесі ретінде 
енгізіледі. Сондықтан жақын болашақта портфолио ұғымы білім беру, тәрбие 
үрдісінде негізгі категория санатына кіретіні айдан анық. 
Оқушылардың портфолиосы бірқатар өзіндік ерекшеліктермен 
сипатталады. Олар: 
- Оқушылар портфолиосы оқу нәтижесін ғана емес, оған жұмсалған 
еңбекті көрсететін жұмыс жинақтамасы, оқушының салыстырмалы түрде 
алға жылжушылығы. 
- Оқу жетістіктерінің белгілі пәндер бойынша жинағы (тоқсан, 
жартыжылдық, жыл бойынша). 
- Оқу нәтижесін жүйелі, мақсатты, үздіксіз бағалау және өзіндік 
бағалаудың түрі. 


50 
- Оқушының жеке жетістігін көрсе-тетін жинақ, оның өзіндік бағалауы, 
өзіндік талдауы. 
Сонымен қатар, оқушылар портфолиосы, олардың дамуын, өзін-өзі көрсете 
білуін, жеке тұлға ретіндегі ерекшелігін, оқушының өз жұмысына 
рефлексиясын көрсетуін, оқушы жұмысының нәтижесінің өзіндік бағалауын 
қамтамасыз етеді. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып 
жатқан мүмкін-діктерін ашып көрсету. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, 
енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші болады.
Оқыту жүйесінде оқу үдерісін жеңілдету үшін көптеген мұғалімдердің 
арасында оқушының портфолио жүйесі сұранысқа ие болып келеді. Соңғы 
анықтамалар бойынша, портфолио белгілі бір уақыттағы арнайы мақсаттарға 
қол жеткізуге бағытталған оқушы жұмыстарын (бағалау парақтары, жаттығу 
жұмыстары, орындалған тапсырмалар тобы немесе жоба жұмыстары ретінде) 
жинақтау дегенді білдіреді.
Оқушы портфолиосын ұйымдастыруда бірнеше тиімді жақтарын тізіп 
беруге болады. Ең басты артықшылықтарының бірі оқу жылының басында 
тоқсан бойы орындалуы тиіс тапсырмалар тізімі бекітілген күндерімен 
оқушылар үшін таратылып беріледі. Сонымен қатар, әрбір тапсырманың қай 
оқу мақсатына бағытталғаны және сол тапсырманы орындау үшін қандай 
жетістік критерийлері қажеттігі анық портфолио ішінде көрсетіледі. 
Тапсырманы орындау барысында жетістік критерийлеріне қосымша 
оқушылар үшін рубриктар дайындалады. Бұл әр тапсырманы сарамаланған 
бағалау арқылы орындауға тиімді. Портфолионың артықшылығы: 
- Белгілі бір уақыт ішіндегі оқу үдерісі мен нәтижені көрсетеді; 
- Оқушыларды өздерінің жұмыстарына рефлексия жасап, өз-өзін 
бағалауына мүмкіндік береді; 
-Оқушының өз-өзіне деген сенімін арттырып, мәселелерді өздігінен 
шешу дағдысын қалыптастырады; 
- Оқушыларда нақты жетістік критерийіне құрылған тапсырмалар 
тізбегі болады ; 
-Оқушылар жетістік критерийіне құрылған тапсырманы өздігінен 
орындай алады; 
- Әрбір тапсырмаға құрастырылған рубриктарды көрген кезде өзінің 
нақты қай жерде екендігін көріп, келесі сабақтарға оқушы өзінің қай 
тұстарына көбірек күш салу керектігін нақтылайды; 
- Оқушы мен мұғалім арасындағы пікір алмасуға итермелеуші, 
байланыстырушы фактор. 
Әрбір оқушы портфолионы бір оқу жылында ғана қолданады. Бір жыл 
ішіндегі оқушы жетістігі, жетілдіретін тұстары айқын көрінеді. 
Екіншіден, әр тақырыпты бастамас бұрын мұғалім алдын ала оқу 
мақсаттарын, жетістік критерийлерін және тапсырмаларды дайындайды. Бұл 
одан әрі оқу мақсатына бағытталған рубрикалармен толықтырылады. Кейін 
сабақ барысында мұғалім оқушыларға оны үлестіргеннен кейін оқушылар 


51 
үшін олардан не күтіліп тұрғаны анық болады. Соңғы шыққан ғылыми 
еңбектердің пайымдауынша, егер оқушы нақты не істеу қажеттігін және 
қандай жолдар арқылы мақсатқа жету керектігін білген жағдайда оның 
сабаққа деген ынтасы артады. Үшіншіден, тапсырмалар орындалғаннан кейін 
арнайы қалдырылған, бос орында мұғалім оқушылар үшін кері байланыс 
қалдырады. Кеңестер немесе мадақтаулар түрінде келетін мұғалімнің 
оқушыға кері байланысы олардың бойындағы ерік-жігеріне оң ықпалын 
тигізеді.
Портфолио арқылы бағалау жүйесіндегі соңғы қадам – оқушылардың 
тоқсан соңындағы жазбаша түрде қалдыратын рефлексиясы. Өз жұмысын 
талдай отырып, бірнеше сұрақтар төңірегінде ой бөліседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет