45
өмірдегі болып жатқан қайшылықтарға өзіндік бағалау жүргізе алатын тұлға
қалыптасады.
«5»
деген баға оқу бағдарламасының мазмұнын терең және толық
білетін, оқу материалындағы теория мен фактіні ажырата алатын, жауабын өз
бетімен жүйелі етіп құрастыратын, анықтама, ұғымдарды түсінетін, тілдік
нормаларды сақтап сенімді, қатесіз, жауап беретін қосымша материалдар
қолдана алатын, ойы оралымды оқушыға қойылады.
«4»
бағасы ұғым, ереже, анықтамаларды дұрыс түсініп, дәлелдей
алатын, бірақ кейбір жерлерін нақты айтпайтын, жекелеген қате жіберетін
оқушыға қойылады.
«3»
бағасы оқу материалындағы негізгі ережелерді, тәуелділіктерді
үстүрт түсінген, ой-пікірлерді талдай алмайтын, жауабы жүйесіз, мұғалім
көмегімен жауап беретін оқушыға қойылады.
«2»
бағасы білімі жүйесіз, негізгі мен көмекшіні, теория мен фактіні
ажырата алмайтын, жаттанды сөйлейтін, бағдарламаны игеруге мүмкіншілігі
жоқ, бағдарламаның материалын түсінбейтін оқушыға қойылады.
Оқушылардың үлгермеушілігін болдырмау шаралары:
Үлгермеушілікті болдырмау үшін оқу материалдарын түсінбеу себептерін
анықтау керек. Үлгермеудің негізгі
Достарыңызбен бөлісу: