Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары



Pdf көрінісі
бет40/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

2.Портфолионы бағалау 
Дәстүрлі әдістерге қарағанда портфолио оқушыларды оқытудағы 
бағалаудың мүмкіндігін, өте жақсы әдісін қолдануды ұсынады. 
Портфолионың көмегімен жетістікті бағалауға көп мүмкіндік туады, оқу 
процесін мұғалімдер мен оқушылар өте кең көлемде бақылауға, 
жорамалдауға, тәуекел етуге, шығармашылық ойлауды дамыту мен оқытуды, 
өзінің жетістіктерін бағалауды үйретеді. Бағалау әділетті болу үшін, 
мұғалiмдерге оқушының дамуын бағалаудың түрлi стратегияларын қолдану 
керек. Портфолионы бағалау белгiлерiне келесi пункттерді енгізу қажет: 
•Саналылық (рефлексияның және шығармашылық ойлаудың бар болуы); 
•оқу жоспарының негізгі мақсаттарымен және индикаторларымен сәйкес өсуі 
және дамуы; 
•негiзгi процесстердi түсiнуі және қолдануы; аталып өткен талаптарға 
портфолиодағы көрсетiлген жұмыстардың сәйкестiгi; 
•түрлі жазулар (мысалы, түрлi формаларды қолдану, жоспарланған 
стандарттарды оқушылардың жетістіктерімен көрсету). 
Мұғалiм мен оқушының бағалауда бiрге жұмыс iстеуі маңызды. 
Оқушылардың табыстарын бағалайтын басты белгiлерді пайдаланғанда 
формативті және суммативті бағалаулар да қолданылады.
Мұғалімдер мен оқушылар портфолиоға енгізілетін маңызды және 
нақты жұмыстарды барлық оқу жылы ағымында шынайы ынтымақтастықта 
анықтай алады. Бұдан басқа, олар баллдар жүйесi мен бағаларды жетілдіріп, 
соның көмегімен портфолиодағы жұмыстар бағаланады. Айдарлар, ережелер 
және баллдар портфолиодағы әрбiр бөлiм үшiн де жасала алады. Сонымен 
қатар, жұмыстарға қойылған белгілер (бағалар, баллдар) суммативті бағалау 
үшін қосылу керек. Суммативті бағалау процесі кезінде портфолионың 
барлық бөлімдері мұқият талданып, шешім қабылдау процесі мен 
жұмыстарды бағалағанда мұғалімді, оқушыны, сарапшылар тобын қатыстыру 
керек. 
1.
 
Портфолио толтыру кезеңдерi 
1- кезең. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет