Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары


Топтық жұмыс барысында өзін-өзі бағалауы



Pdf көрінісі
бет26/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

Топтық жұмыс барысында өзін-өзі бағалауы. 
Мәлiметтің көмегімен 
алынған бақылаулар және оқушылармен қарым-қатынас орнату арқылы 
мұғалiмдер талдау жасай отырып, топтық жұмыстағы дағдыларының дамыту 
деңгейін, оқу материалының меңгерiлуінiң сапасын анықтауға және 
оқушылардың оқудағы жетістіктерінің сапасын жақсартуы бойынша ары 
қарайғы қадамдарын жоспарлай алады. 
Нәтижесiнде қолданылған әр түрлi формадағы топтық жұмыстың 
бағалауларын мұғалiм оқушыларға үйрете алады: 
(1 ) топта жұмыс iстеу процесін бағалау; 
(2 ) өзін-өзі бағалау механизмін қолдану арқылы дайын тұрған жұмыстың 
күштi және әлсiз жақтарын анықтау. 
Қалыптастырушы бағалау негізгі бес стратегиядан тұрады:

күтілетін нәтижелерді және бағалау критерийлерін түсіндіру;

білім алушылардың түсінігі туралы дәлел беретін сыныптағы тиімді 
талқылау және қарым-қатынасты қалыптастыру;

білім алушыларды нәтижеге жетуге ынталандыратын кері байланыс 
орнату; 

білім алушыларды өзара оқытудың дереккөзі және ресурсы ретінде 
қатыстыру;

білім алушының өз білімінің «негізін қалаушы» ретінде қалыптасуы. 
Қалыптастырушы бағалау барысында мұғалім бағалаудың жекелеген тәсілін 
қолдануы тиіс. Егер мұғалім кейбір білім алушыларға қандайда бір дағдыны 
дамыту үшін көп уақыт қажеттігін байқаса, онда оқудың бұл мақсатын 
бағалау туралы шешім қабылдауы және білім алушылардың жетістіктерін 
бағалау критерийлерін әзірлеу барысында түзетулар енгізуі тиіс. Сонымен 
қатар мұғалім тілдік пәндер бойынша сөйлеу әрекетінің 4 түрін бағалауы тиіс 
екенін есте сақтауы қажет: тыңдалым, айтылым, жазылым және оқылым.
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырманы мұғалім өздігінен 
құрастыра алады немесе қалыптастырушы бағалау бойынша ұсынылған 
тапсырмалар жинағын қолданады. Қалыптастырушы бағалау бойынша 
есептік құжаттама талап етілмейді.
Қалыптастырушы бағалаудың нәтижелерін тіркеу нысанын мұғалімнің 
өзі анықтайды (сандық, графикалық, балдық). Қалыптастырушы бағалаудың 
нәтижелері мұғалімнің есеп беру құжаттамасы болып саналмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет