Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары


Ішкі жиынтық бағалау өткізу бойынша мұғалімдерге нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет29/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

Ішкі жиынтық бағалау өткізу бойынша мұғалімдерге нұсқаулық
Оқушылар орындарына отырғаннан кейін және ішкі жиынтық 
жұмысын орындауға дайын болғанда, мұғалім келесілерді жасау керек:
-тапсырмалаларды төмен қаратып, оқушылардың партасына қояды және 
оқушылардан парақтарды аудармауын сұрайды;
-оқушыларға бағалау өткізудің ережесіне сәйкес өтуін түсіндіреді;
-оқушыларға бағалау өту кезінде бір-бірімен сөйлеспеуін немесе көмек 
сұрамауын және басқа біреуге көмектеспеу керек екендігін естеріне салады;
-басталғанға дейін, оқушыларда тапсырма орындауда керекті құралдардың 
бар екендігіне көз жеткізу керек. Егер қосымша құралдар қажет болса, 
мысалы олар сұрақ кітапшаларының алдында тұруы керек;
-оқушылардан тапсырмалары бар парақтарды аударып ақпаратты толтыруын 
өтініңіз: оқушының фамилиясы, аты және сыныбы (мектебі) толтырылады;
-бірінші беттегі нұсқаулықты дауыстап оқып және оқушыларға жұмыс 
орындауға қаншалықты уақыт бөлінгенін айтыңыз.


39 
Бағалау өткізуде оқушылардың бір-бірімен сөйлеспейтіндігі туралы 
естеріне салыңыз. Мұғалім нұсқаулық өткізіп болғаннан кейін, жұмыс 
басталарға дейін барлық сұрақтарға жауап беріп олардың оқушылардың 
түсінгеніне көз жеткізуі керек;
-барлық оқушылар еститіндей, басталу және аяқталу уақытын тақтаға жазып 
және дауыстап айту керек;
-бағалау кезінде оқушылардың өздерінің жеке жұмыс орындағанына көз 
жеткізіңіз. Олар сөйлеспеулері немесе жұмысты бір-бірінен көшірмеулері 
керек;
-оқушылардың тапсырма орындауында оларға көмектесетіндей қосымша 
тұпнұсқалардан ақпарат алатындай мүмкіндіктері жоқ екеніне көз жеткізіңіз 
(егер де осы заттар тестік спецификацияда қарастырылмаса);
-оқушыларға мүмкіндігінше барлық тапсырмалардың орындауларын және 
орындай алмаса, қиналмауларын түсіндіру қажет;
-оқушыларға дұрыс емес жауапты өшіргеннен де сызып тастауы керектігін 
түсіндіру керек.
-бағалау кезінде, жұмыс орындау барысында мұғалім нұсқаулыққа қатысты 
сұрақтарға жауап беруіне болады.
Мұғалім оқушыларға жұмыс орындауына көмектеспейді, сұрақтарды 
ауыстыруға немесе ақпарат алуға көмектеспеуі тиіс.
Ішкі жиынтық бағалау кезінде мұғалім үнемі оқушыларды бақылап 
және осыған көп көңіл бөлуі қажет. Қай оқушының қатысқанын немесе 
қатыспағанынын белгілейді.
Оқушылардың жас айырмашылығына байланысты оларды уақтылы 
жұмыстың аяқталуына қанша уақыт қалғанын айтып тұруы керек. 
Бағалаудың аяқталынуына 5 минут қалғаны туралы оқушыларды 
хабарландырып отыру керек. Егер бір оқушы тапсырманы көрсетілген 
уақыттан ертерек аяқтаса, оны өз жауаптарын тағы да бір рет қарап шығуын 
немесе жауап бермеген сұрақтарға жауап беруін ескерту керек. 
Оқушылардан жұмысты орындау үшін берілген уақыт біткеннен кейін 
жазбауларын және партаға каламсап /қарындаштарын алып қоюларын айту 
керек. Оқушылардан сұрақтар бойынша барлық керекті ақпаратты жазғанын 
қарап шығуды сұраңыз. Барлық жұмыстарды жинап алғанға дейін барлық 
оқушылардың тыныш отырып және бір-бірлерімен сөйлеспеулері маңызды. 
Бағаларды қою. 
Ішкі жиынтық бағалау балл қою кестесіне сәйкес 
дайындалуы керек, олар мұғалімдерге тексеру үшін беріледі және 
критерийлерден тұрады, осыларға байланысты оқушының үлгерімі туралы 
шешім қабылданады.
Ішкі жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін мұғалімдер балл қояды. Осы 
қойылған балдар салыстыруды қамтамасыз ету үшін әдістемелік бірлестіктің 
жетекшілерімен тексеріледі. Мұғалім әр жауаптың балдары мен 
нәтижелерінің дұрыс жазылғанын тексеруі керек.
.


40 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет