Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары


Критериалды бағалаудың функциялары



Pdf көрінісі
бет19/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

Критериалды бағалаудың функциялары: 
Ынталандыру. Белсенділік. 
Түзету. Дамытушы. 
Принциптері:
Нақтылық Әділдік. Жүйелік. 
Критериалды жүйе арқылы бағаның қойылуы: 
Оқытуда 
зерттеушілік іс - әрекеттердің кеңінен қолданылуы қазіргі талаптарға сай 
келетін жаңаша бағалау жүйесін қажет етеді. 
Критериалдық бағалау жүйесі арқылы: 
1.Оқушының тұлғалық бағытын белсенділікке бағыттау.
2. Тұлғаны нәтижеге жеткізу.
3. Өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау.
4. 
Критериалды бағалаудың қағидаттары (принциптері): 
Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы
. Бағалау оқытудың ажырамас 
бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, 
күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты. 
Шынайылық, сенімділік және валидтілік. 
Бағалау дәл және сенімді 
ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу 
мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі 
болады. 
Ашықтық және қолжетімділік
. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды 
ұсынады, 
сондай-ақ, 
барлық 
оқу 
үдерісіне 
қатысушылардың 
қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады. 
Үздіксіздік.
Бағалау оқушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер 
кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс 
болып табылады. 
Дамуға бағыттау
. Бағалау нәтижелері оқушылардың, мұғалімдердің, 
мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және 
ынталандырады. 
«Тіл» пәндерін оқыту нәтижесін бағалау критериалды бағалау жүйесін 
енгізу арқылы жүзеге асады. Критериалды бағалау – оқушылардың оқу 
жетістіктерін нақты айқындалған, бірге даярланған, оқу үдерісінің барлық 
қатысушыларына (оқушылар, білім беру ұйымдарының әкімшіліктері, 
педагогикалық персонал, ата-аналар және басқа да заңды өкілдер) алдын-ала 
белгілі, пән бойынша білім берудің мақсаттары мен мазмұнына сай 
оқушылардың оқу- танымдық қабілеттерін қалыптастыруға септігін тигізетін 
критерийлермен салыстыруға негізделген бағалау үдерісі.
Критериалды бағалау оқыту, тәлім - тәрбие беру және бағалаудың 
өзара байланысына негізделген. Критериалды бағалау нәтижесі оқыту 
үдерісін тиімді жоспарлау мен ұйымдастыру үшін қолданылады. «Тіл» 


24 
пәндері бойынша критериалды бағалау жүйесі формативті (ағымдық) бағалау 
(ҚБ) және ішкі жиынтық бағалауды (ІЖБ) қамтиды.
Формативті (ағымдық) бағалау – сабақтағы және/не үйдегі күнделікті 
жұмыс барысындағы білім мен дағдыларды меңгерудің ағымдық деңгейін 
айқындайды және оқыту кезінде оқушы мен педагог арасында жедел өзара 
байланысты жүзеге асырады, оқушыларға жаңа материалды меңгеру 
кезеңінде тапсырманы қаншалықты дұрыс орындап, оқу мақсатына қол 
жеткізгендігін түсінуге мүмкіндік береді;
Ішкі жиынтық бағалау – сынып бойынша оқу материалдарының үлкен 
тарауын не бөлімін оқығаннан кейін меңгерілген білім мен қалыптасқан 
дағдылар деңгейін айқындайды; Ішкі жиынтық бағалау білім беру ұйымының 
педагогтары тарапынан жүзеге асырылады.
Жиынтық жұмыстар үшін қойылған бағалар есептік оқу кезеңдері үшін 
қорытынды бағаларды анықтауға негіз болып табылады.
Сыртқы жиынтық бағалау – негізгі орта және жалпы орта білім беру 
соңындағы меңгерілген білім мен қалыптасқан дағдылар деңгейін 
айқындайды. 
Қалыптастырушы бағалауды сабақта қолдану. Оқу жоспарында 
бағдарламадағы оқу мақсаттарын бағалау кезінде пайдалануға болатын 
тапсырма үлгілері берілген. Бұл тапсырмаларды оқушылардың өзіндік 
ерекшеліктері мен қажеттіліктерін, мектептегі оқу үдерісін ескере отырып, 
қолжетімді 
ресурстарды 
пайдалану 
арқылы 
қолдануға 
болады. 
Қалыптастырушы бағалау бойынша оқу мақсаты мен тақырыбына сәйкес 
басқа да тапсырмаларды құрастыруға болады. Мысалы, 2-тоқсанның оқу 
жоспарында «мәтіндегі бейнелі сөздердің астарлымағынасын таниды» деген 
оқу мақсаты берілген болса, оған төмендегідей тапсырма беріледі: Сынып 
оқушыларын 4 топқа бөліңіз.
Оқушылардан дайындап әкелінген материалдарынортаға салып 
талқылауын 
сұраңыз. 
Тыңдап 
отырған 
топтардың 
ауыспалы 
мағынадақолданылған сөздерді тауып, өздеріне түртіп алып, мағынасын 
анықтап беруін өтініңіз. Егер сіздің оқушыларыңыздың бұл тапсырманы 
орындау үшін тәжірибесі жеткіліксіз екенін байқасаңыз, онда бұл оқу 
мақсатын өзге әдіспен бағалауға болады.
Мұғалім оқушылардың мәтіндегі бейнелі сөздердің астарлы мағынасын 
дұрыс таба алуын жұпта /топта талқылау кезіндегі пікірі мен өз көзқарасын 
білдіру қабілеттеріарқылы бағалайды. Оқушыларды пікірталас кезінде 
ынталандыру үшін таңдауыбойынша бірнеше карточкаларды тақырыптармен 
беруге болады. Осы оқу мақсатына арналған бағалау бойынша ұсыныстар 
мен жетістік критерийлері төмендегідей:
Бағалауға арналған ұсыныстар: Мұғалім мәтін ішіндегі оқырманға 
эмоциялық әсерін тигізетін сөздерді немесе сөзтіркестерін оқушыларға астын 
сызып белгілету және лексикалық мағынасына талдаужасату арқылы 


25 
оқушылардың мәтіндегі бейнелі сөздердің астарлы мағынасын тану қабілетін 
бағалайды.
Оқушылар жұпта немесе шағын топтарда сол сөздердің немесе 
сөзтіркестерінің астарлы мағынасын талқылайды, сол сөздің /сөз тіркесінің 
түрі менолардың оқырманға тигізетін әсерін анықтап, ауызша түсіндіреді. 
Мұғалім талқылауларды қадағалап, жетістік критерийлері орындалды ма, 
жоқ пасоны анықтау мақсатында оқушылардың таңдаған сөздері мен сөз 
тіркестеріне жасаған талдауларын және берген түсініктемелерін бағалайды. 
Дәлелдердің құрамына талқылаулар, ерекшеленген /түсініктеме берілген 
сөздер мен сөз тіркестері және лексикалық талдаулар кіруі мүмкін. 
Жетістік критерийлері: Оқушы оқу мақсатына жетті, себебі Оқушы оқу 
мақсатына талпынады, себебі мәтіндегі бейнелі сөздерді дұрыс таба алады; 
бейнелі сөздердің астарлы мағынасын түсіндіре алады. Мәтіндегі бейнелі 
сөздерді дұрыс табуда немесе бейнелі сөздердің астарлы мағынасын 
түсіндіруде қателіктер жібереді. Бұл ақпараттар тапсырмаларға сәйкес келеді 
және осы оқу мақсаты бойынша қалыптастырушы бағалауға қатысты дұрыс 
шешім қабылдауға көмектеседі. Қол жеткізуге тиісті жетістік критерийлері 
саны әр оқу мақсатын бағалау бойынша ұсыныстарымен 3-бөлімде жан-
жақты сипатталған.
«Оқу мақсатына талпынады» шешімін қабылдауға арналған мұғалімнің 
жұмыс жоспары Қалыптастырушы бағалау бойынша іріктелген оқу 
мақсаттарын қабылдау шешімінен кейін оқушылардың нәтижесіне ойша 
шолу жасап, ой қорыту маңызды. Осы оқушылардың білімдеріне сүйене 
отырып, өзіңіздің не күткеніңіз жайлы ойланыңыз. Осы шешімдер сіздің 
күткеніңізбен сәйкес келе ме? Сіз неге таңғалдыңыз? Өз ойларыңызды келесі 
қадам жасауыңызға қолданыңыз. Мысалы, егер ҚБ кезінде жоғарыда аталған 
оқу мақсаттары бойынша нәтиже сіз күткендей болмай, оқушылардың 
көпшілігі орташа орындаса, онда оқу мақсатына жетуге талпынатын 
оқушылардан оқу мақсатына жеткен оқушыларды тыңдауды өтінуіңізге 
болады.
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ) - білім беру мен оқытудың бір бөлігі 
ретінде оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына сәйкес жүргізетін 
мұғалімнің ағымдағы бағалауы. Оқушылардың оқу үлгерімі мен оқудағы 
жетістіктері оқыту мақсаттарына «талпынды» немесе «жетті» деген 
белгілермен тұжырымдалады.
Ішкі жиынтық бағалау (ІЖБ) – мектеп мұғалімдерімен жүргізілетін 
тоқсан соңындағы оқу ақпаратының бөлімін аяқтағаннан кейінгі білім және 
оқу дағдысының қалыптасқан деңгейін анықтайтын бағалау. Бағалаудың 
нәтижелері балл түрінде тұжырымдалады.
Оқушылардың оқу нәтижелері төмендегідей түрде ұсынылады: 
Тоқсандық баға – қалыптастырушы және тоқсандық ішкі жиынтық 
бағалаудың нәтижелері белгілі бір пайыздық көрсеткіште енгізілген әр 
тоқсанның соңындағы баға. Жылдық баға – төрт тоқсандағы 


26 
қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалау нәтижелері білгілі бір 
пайыздық көрсеткіште енгізілген оқу жылының соңындағы баға. Бағалау 
түрінің аралық үлес салмағы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет