Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары



Pdf көрінісі
бет10/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

Рубрикатор
 
– оқушының өткен тақырып бойынша алған білімін 
бағалау критерийлерінің тізбесі. Ол қандай да бір тақырыпты меңгеру 
мақсатымен анықталады және берілген рубриканы ашатын критерийлермен 
толықтырылады.
Критерий
– оқыту міндеттерімен анықталады, оқушының жұмыс 
барысында орындайтын және нәтижесінде меңгеруге тиісті әртүрлі іс-
әрекетінің тізбегі.
Дескрипторлар
– әрбір критерий бойынша оқушының жетістік 
деңгейін сипаттайды және белгілі ұпайлармен бағаланады: жетістік жоғары 
болған сайын ұпай да жоғары болады.
Өткен тақырып бойынша барлық жұмыстар, бақылау жұмыстары да 
сәйкес рубрикамен бағаланады. Рубрикаларды оқушы әр тақырыпты бастар 
алдында алады. Бұл берілген тақырып бойынша қорытынды жұмысы қалай 
бағаланатындығын түсінуіне мүмкіндік береді. Рубрика оқушыға берілген 
тақырыпты меңгеру нәтижесінде нені үйренетіндігін және осы тақырыпты 
меңгеру үрдісінде неге көбірек көңіл аудару керек екендігін көрсетеді. Яғни, 
оқушы өз оқуының белсенді бір жағы – субъект болады.
Рубрика – оқушы не үшін оқып жүргендігін, критерий – ол нені үйренуі 
керек екендігін, ал дескриптор – оқушы оны қалай орындау қажеттігін 
көрсетеді. Егер рубриканы қандай да бір төбе деп есептесек, критерий – 
баспалдақ, ал дескриптор – жоғары көтеріле отырып, сенімді түрде мақсатқа 
қарай жылжуға болатын жеке басқыштар.
Критерийлер және дескрипторларды қолдана отырып, оқушы жақсы 
нәтижеге жету үшін қандай қадамдар жасауы керектігін анық көре алады. Ол 
жұмысын өздігінен бағалай алады және уақытында аяқтай алады. 
Критерий оқушыларға жұмыстың басында таныстырылады. Сондай-ақ, 
критерийді мұғаліммен бірге талқылайды, тұжырымдалуына және критерий 
құнына өзгеріс енгізе алады. Сонымен қатар оны оқытуды жақсарту үшін 
бағалау деп те атауға болады. 
Балдық бағалауда оқушылар жасаған еңбегіне сәйкес бал жинайды. 
Балдық жүйеде белгілі критерийлермен өлшенетін жазбаша жұмыс болу 
керек. Бағалаудың әр параметрі сабақтың және деңгейдің тармағында көрініс 
табады. Барлық көрсетілген параметрлер белгіленген критерийлер бойынша 
өлшенеді және есептеледі және оқушылар онымен таныстырылады. Бағалау 
криериийлерімен және дискрипторлар оқушыларға ұсынылады. Сол 
дескрипторлар арқылы оқушылар өзінің деңгейін анықтай біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет