Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары


  Оқушының жетестігін бағалау принциптері



Pdf көрінісі
бет5/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

3. 
Оқушының жетестігін бағалау принциптері.
 
Мұғалімге өз қызметінде мынандай принциптерді басшылыққа алуға 
тура келеді: 
Маңыздылық. 
Оқушының білім алудағы және іс – әрекетіндегі 
неғұрлым маңызды жетістіктерді бағалауға көңіл аудару. 
Теңбе-теңдік. 
Оқушының білімінің, іскерлігінің, дағдысының, 
құндылықтарының, мақсаттағы құзіреттілігінің және оқудағы жетістіктерінің 
бағаларының сәйкес болуын қадағалау. 
Шындық және әділдік. 
Нақты бағалау критериін жасап, жүзеге асыру. 
Критерий бағалауды және белгі қоюды оқушыға ұсыным жасау қаупі 
нарашалайды. 
Интеграциаланған. 
Бағалауды жүзеге асыру жоспарлы және жан-
жақты ойластырылған оқытудың құрамдас бөлігі болып табылады. 
Ашықтық .
Бағалаудың критериі мен әдістерін тапсырманы орындамас 
бұрын хабарлау. Оқушылар бағалау критериін жасауға да қатыса алады. 
Қолжетімділік. 
Барлық білім алу процесіне қатысушылар үшін бағалау 
процесінің қарапайым және оның түрлері мен әдістерінің айқын болуына 
ұмтылу. 
Жүйелілік. 
Бағалау процедурасын тізбектей және жүйелі орындау. 
Мейірімділік. 
Оқушы мен мұғалімнің арасында жетістіктерді арттыруда 
серіктестік қатынаста болуға жағдай жасау. 
4.
Оқушының жетістігін бағалау түрлері.
 
Мұғалімнің қызметінде оқушының жетістіктерін тиімді бағалауды 
жоспарлауда бағалаудың мақсатын білу қаншалықты маңызды болса, оның 
жеке түрлерін білу соншалықты маңызды. Осы параметрлер бойынша 
бағалау мынандай үш түрге бөлінеді: диагностикалық, формативтік 
(қалыптастырушы), суммативтік (жиынтық, қорытынды). 



Диагностикалық бағалау – оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысы 
мен 
құзіреттілігінің 
қалыптасуының 
алғашқы 
деңгейін 
анықтау. 
Диагностикалық бағалау әдетте оқу жылының басында немесе бір 
тақырыпты, тарауды оқытудың алғашқы сабағында жүргізіледі. 
Бағалаудың бұл түрі оқушыға да, мұғалімге де қазіргі жағдай мен 
талаптар туралы дұрыс көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Диагностикалық бағалаудың қажеттілігі мыналар арқылы анықталады: 
а) оқушылардың даярлық деңгейінің әр түрлілігі; 
б) оқыту мазмұнын тізбектей қалыптастыру; 
в) оқушының білім алу процесі мен оқытуда «таяу арадағы даму 
аймағына» сәйкес талаптар мен мүмкіндіктерінкөре білу қажеттілігі.
Диагностикалық бағалаудың мақсаты пән бойынша тақырыпты немесе 
тарауды оқуды бастарда оқытудың мақсатына қатысты оқушының алатын 
орны туралы ақпарат алу болып табылады. Диагностикалық бағалау 
мұғалімге оқушының сұранысы бойынша оқу жоспарын өзгертуге немесе 
алдағы уақытта оқып- үйренуде туындайтын қиындықтарды жеңуді болжауға 
көмектеседі.
Диагностикалық бағалаудың бірінші буыны
– оқушының бір 
тақырыпты, курсты оқығанға дейінгі жинақтаған білім қорына немесе 
дағдысы мен құзіреттілігінің деңгейіне сүйеніп, оның білім алу деңгейін 
алдын ала сараптау (алдын-ала тест алу). Бұл жұмыс мұғалімге жаңа 
тақырыптың қай бөлігінде оқушыға қиындық туындайтынын анықтауға және 
бұл қиындықтарды болдырмау қадамдарын жоспарлауға көмектеседі. 
Педагогтар алдын-ала тест алудың мақсаттарының тізбегін анықтады: 
* алғашқы білім мен тәжірибенің диагностикасы; 
* алғашқы білім мен тәжірибенің өзектілігі; 
* алғашқы білім мен тәжірибенің проблемалылығы; 
* оқушылардың өз дайындық деңгейлерін өздігінен бағалауы; 
* оқушының көзқарасынан пәннің маңызды аспектісін бөліп қарау;
* оқылатын тақырыпқа қызығушылық туғызу; 
* оқытылатын тақырыпқа оқушылардың күтуін туындату. 
Алдын ала тестілеу диагностикалық бағалаудың жалғыз түрі емес екенін 
байқаймыз. Тақырыпты оқытудың алғашқы кезеңінде сол курс бойынша ой 
қорыту және болжам жасау үшін рефлекстік жағдайлар туындатуға болады. 
Бұл кезеңде тақырыпты, бағдарламаны, оқытылып жатқан курстан не 
күтетінін талқылау керек. 
Диагностикалық бағалаудың екінші буыны 
– жаңа тақырып бойынша 
оқушының білімін, іс-әрекеті мен дағдысын, құзіреттілігін тексеру болып 
табылады. Мұғалім тестілеуді тақырыпты оқудың соңында жүргізіп, оқушы 
өтілген тақырыпты қаншалықты дұрыс қабылдағанын, құзіреттіліктерді
меңгеру дәрежесі туралы ақпараттар алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет