6
Мұғалім оқушыға қойылған мақсатқа жетуге және оған жету үшін
барлық қадамдардың орындалуын дәлелдеуі қажет.
г) үздіксіз бағалау
Мақсатқа сену-белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асатын үзіліссіз
процесс. Барлық алға қойған мақсатты үнемі саралап отыру және қажет
болған кезде қайта қарастыру керек. Мақсатты үзіліссіз саралап отыру
мұғалімді үнемі басым бағыттарды айқындауға және маңызды шешім
қабылдауға мәжбүрлейді. Орындалмаған және орындалу мерзімі үнемі
шегеріліп отыратын мақсаттарға ерекше көңіл бөлу керек.
Мақсатқа сену мұғалім тарапынан да, оқушы тарапынан да мақсаттың
құрылуына мүмкіндік береді. Бірінші тәсіл - дәстүрлі оқыту үшін сипатталса,
екіншісі – қазіргі кезде оқытудың құзіреттілігін меңгеруге байланысты
мектеп өміріне енуде.
Оқушы тарапынан құрылған сабақтың мақсаты мұғалімге оқушының
сабақ материалын қалай меңгергенін білуге көмектессе, оқушыға сабақта
нені меңгеру керек екендігіне көңіл аударуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: