Мавлида Нұрғалиқызы ары қарай сөйлетпеді:
Олай болмайды! Содан кейін сен үшін жауап беріп жүрер жайым жоқ.
Жақында тәрбиешіңе педучилищеге түскің келетінін айтыпсың. Енді
тіпті құтырып кеттің — университетке деп желігіп тұрсың.
Сіз өзіңіз сұрадыңыз ғой менің арманымды, содан кейін айттым.
Оны маған емес, білім министріне айту керек. Сондықтан мына тізімді
тезірек жіберуіміз керек. Ал сен болсаң бұл жерде уақытты алып
тұрсың, — деп директор ұрысуын ары жалғастырды. — Сен өзің шамаң
жететін бірдеңе айтуың керек. Қане, университет туралы ұмыт, сені
техникумға орналастырайық. Мысалы, электриктің мамандығы кімнен
кем?
Ешкімнен кем емес. Бірақ ол маған ұнамайды.
Егер ұнамаса, ұнайтын болады!
Біз директордың бөлмесінен шықтық. Ешкімнің де көңіл күйі болмады. Бұл
әңгімеден кейін мен тағатымнан мүлде айырылдым. Егер директор шынында
да мені техникумға жіберсе не болады! Ешкім құжаттарымды қолыма
бермейді. Бірақ қалай болса да мен Мавлида апайдың ұсынысымен келісе
алмадым. Өзің жақсы көрмейтін іспен қалай айналысасың? Жарайды, оқып
шығып, диплом алдым дейік. Ары қарай? Жаным қаламайды...
Ұйқысыз түндердің бірінде басыма бір тың ой келе қалды. Директор ана
жолғы тізімді білім министрі талап етіп жатқанын айтып еді. Қызық, ол
қандай адам екен? Оның да жүрегі бар шығар. Әлде министрдің өзіне хат
жазып көрсем бе екен?
Келесі күні ол жайында мұғалімдерден сұрастырып алдым. Министрліктің
мекен-жайын да тауып алдым. Ешкім ол жайында білмеуі үшін бөлмеде өзім
ғана қалған кезде хат жазуға отырдым. Бірінші мен өзімнің кім екенімді,
қайдан екенімді, қалай оқитынымды айтып таныстырдым. Маған қандай
пәндер ұнайтынын да жаздым. Өзімнің университетке түскім келетін
ойымның бар екенін де хабарладым. Директордың оған кедергі болып
тұрғанын, тіпті менің туған деревняма да жібергісі келмейтінін де жаздым.
«Орта білімді алған соң мен өз күшіммен университетке түсетін боламын,
бірақ, сізден өтінерім — менің 11 сыныпты аяқтағанымша балалар үйінде
тұруыма көмектесуіңізді сұраймын», — деп қорыттым.
Бір ай өтер-өтпестен бізге Уфадан министрліктің өкілі келді. Сөйлесу үшін
мені директордың бөлмесіне шақырып алды.
Егер Ілияс осылай оқығысы келсе, қалсын, — деді әлгі әйел. — Оның
қалауына кедергі жасамайық. Шынында да, оның қолынан келер...
Ақырында сыныптастарым тоғызыншы сыныпты аяқтап кетіп жатқанда мені
балалар үйінде қалдырды. Бірақ министрге жазған хатым үшін маған көп рет
таяқ жеуге тура келді.
Достарыңызбен бөлісу: