үш рет өт. Оң жағы біздікі, сол жағы – хандікі, ортаңғы бөлігін ағайын-туысқа
бер», – дейді Әкесінің ақылына хан да, ағайын-туыс та риза болады, Алтынайдың
үйі де зиян көрмейді...
1.Мәтіннің екінші бөлімін қорытындылайтын мақал-мәтел
A)Балаң жаман болса, көрінгеннің мазағы.
B)Жартыны жарып жеген – татулықтың белгісі.
C)Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында.
D)Қай қолыңды кессең де, жанға батуы бірдей.
E)Көңіл – қазы, көз – таразы.
2.Қарасай батырдың малын Балқаш, Іле, Қаратал маңына айдап әкетуінің
себебі не?
A)Қысқа жайлы жерге барғысы келгендіктен
B)Әкесінің болжамына сенгендіктен
C)Ол жерлердің мол тоғайлы жер болғандығынан
D)Қонысын басқа жаққа аударғандықтан
E)Ханнан малын бөлек кеткісі келгендіктен
1.18-мәтін
Қазақстандағы ең көне хан-ағаш – алып қарағаш. Ол Іле өзенінің «Алтын-Емел»
ұлттық табиғи саябақ аумағында, Үлкен Қалқан тауының шығыс жағында өседі.
Жасы 700 жылдан асқан. Бұл қарағаш Шыңғысхан шапқыншылығының куәгері
деседі. Жергілікті халық ағашты күні бүгінге дейін қасиет тұтады. Қасиетті
қарағаш жуандығына алты адамның құшағы әрең жететін 700 жастағы ерекше
ағаш Жаркент қаласынан 30 шақырымдағы Әулиеағаш ауылы маңында өседі. Бұл
– кәдімгі қарағаш тұқымы. Мұндай алып ағаштар әлемнің үш елінде ғана бар.
Олардың бірі – Қытайда, бірі – Меккеде болса, үшіншісі – біздің жерге тамыр
жайған екен. Киелі ағаштың қасында бір тамырдан нәр алып тұрған жеті жас ағаш
бар. Жұрт оларды жеті ағайынды деп атап кеткен.
Достарыңызбен бөлісу: