I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


Неліктен Арман көрші үйдің ауласына қарай берді?



Pdf көрінісі
бет10/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1.Неліктен Арман көрші үйдің ауласына қарай берді? 
A)Көршісінен асып түскісі келді 
B)Көршісінің алдында мақтанғысы келді 
C)Көршісінің ісіне үлкен баға берді 
D)Аула тазалығының сырын білгісі келді 
E)Ауласының таза болғанын қалады 
2.Мәтіннің негізгі идеясы? 
A)Бейқамдық 
B)Адалдық 
C)Жалқаулық 
D)Достық 
E)Еңбекқорлық 
1.17-мәтін 
Халық аузында Қарасай батыр туралы аңыз көп тараған. Қарасай Алтынайұлы 
1598 жылы Жетісуда дүниеге келген. Оның әкесі Алтынай көріпкел адам болған. 
Бірде әкесі қатал қыс пен жұт болатынын айтқан. Бірақ хан оған сенбеген. Ол 
кезде хан ордасы Көктөбеде болған. Жас Қарасай әкесінің айтуымен өзінің бар 
малын Балқаш маңына, Іле, Қаратал өзендерінің мол тоғайлы сағасына айдап 
әкетеді, Қыс шынында да қатал болып, жұт кезінде халықтың малы түгелге дерлік 
қырылып қалады. 
Қарасай көктемде малын айдап, әкесіне келеді. Хан өкініштен саусағын тістейді, 
бірақ қолдан келетін қайран жоқ, Дана Алтынай баласына: «Халыққа көмектесу 
керек. Балам, арғымағыңа мініп, қойлардың, жылқылар мен түйелердің арасынан 
8


үш рет өт. Оң жағы біздікі, сол жағы – хандікі, ортаңғы бөлігін ағайын-туысқа 
бер», – дейді Әкесінің ақылына хан да, ағайын-туыс та риза болады, Алтынайдың 
үйі де зиян көрмейді... 
1.Мәтіннің екінші бөлімін қорытындылайтын мақал-мәтел 
A)Балаң жаман болса, көрінгеннің мазағы. 
B)Жартыны жарып жеген – татулықтың белгісі. 
C)Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында. 
D)Қай қолыңды кессең де, жанға батуы бірдей. 
E)Көңіл – қазы, көз – таразы. 
2.Қарасай батырдың малын Балқаш, Іле, Қаратал маңына айдап әкетуінің 
себебі не? 
A)Қысқа жайлы жерге барғысы келгендіктен 
B)Әкесінің болжамына сенгендіктен 
C)Ол жерлердің мол тоғайлы жер болғандығынан 
D)Қонысын басқа жаққа аударғандықтан 
E)Ханнан малын бөлек кеткісі келгендіктен 
1.18-мәтін 
Қазақстандағы ең көне хан-ағаш – алып қарағаш. Ол Іле өзенінің «Алтын-Емел» 
ұлттық табиғи саябақ аумағында, Үлкен Қалқан тауының шығыс жағында өседі. 
Жасы 700 жылдан асқан. Бұл қарағаш Шыңғысхан шапқыншылығының куәгері 
деседі. Жергілікті халық ағашты күні бүгінге дейін қасиет тұтады. Қасиетті 
қарағаш жуандығына алты адамның құшағы әрең жететін 700 жастағы ерекше 
ағаш Жаркент қаласынан 30 шақырымдағы Әулиеағаш ауылы маңында өседі. Бұл 
– кәдімгі қарағаш тұқымы. Мұндай алып ағаштар әлемнің үш елінде ғана бар. 
Олардың бірі – Қытайда, бірі – Меккеде болса, үшіншісі – біздің жерге тамыр 
жайған екен. Киелі ағаштың қасында бір тамырдан нәр алып тұрған жеті жас ағаш 
бар. Жұрт оларды жеті ағайынды деп атап кеткен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет