2.Күй ойнаған кезде қыз-бозбаланың, айналаның ерекше әсерге елту себебі
A)Күйшінің аспабына
байланысты
B)Көпті көрген жасына байланысты
C)Күйшінің жастығына байланысты
D)Күйшінің шеберлігіне байланысты
E)Күй атауына байланысты
1.24-мәтін
Ұлы Отан соғысы жылдары неміс әскерінің тұтқынына түсін, кейіннен Мұстафа
Шоқай бастаған Түркістан легионында болған қазақтың алғашқы кәсіпқой
скрипкашысы Айткеш Толғанбаевтың естелік кітабынан.
...Менің музыкамның орындалуына таң қалғандары соншалық,
қатты ризалық
білдіріп, көпке дейін қол шапалақтап, қайта шақырып, бірдеңелерді айтып
айқайлап, сахнадан жібермей қойды. Олар үшін мұның өзі үлкен жаңалық болып
табылатынын мен жаңа түсіндім. Өйткені алыстағы
беймәлім елдің адамы алыс
түкпірдегі Европа музыкасын соншалық шабытпен, асқан шеберлік танытып
орындап бергеніне сенулерінің өзі қиын еді. Ендігі жерде өзім скрипкаға арнап
өңдеген қазақтың халық әні «Елім-айды» орындадым. Тыңда, Европа, тыңда,
Германия,
барлығың да тыңда, менің бәрінен артық көретін елімді тыңда, қазақтың
халық әні «Елім-айды» тыңда!
...Ақырғы қайырмасын қайталап тартарда,
залға көз салып едім, көпшілік көзіне
жас алып, мені түсініп отырғандарын сездім.
Достарыңызбен бөлісу: