Құмырсқа жер жүзінде ең көп тараған жәндік. Әлемдегі ең құрметті
мирмекологтардың бірі Эдвард Уилсонның есебі бойынша, бүгін жер бетінде 10
квадриллион, яғни онның 15 дәрежесіндей құмырсқа бар екен. Жан басына
шаққанда, бір адамға миллион құмырсқадан келеді.
1.Мәтіннің тақырыбы қандай?
A)Мирмекологтар туралы
B)Құмырсқалар илеуі туралы
C)Жәндіктер туралы
D)Құмырсқалар достығы
E)Құмырсқалар еңбегі
2.Жан басына шаққандағы құмырсқа саны
A)Екі миллион
B)Бір жарым миллион
C)Үш миллион
D)Бір миллион
E)Жарты миллион
1.20-мәтін
1.Онда мен бесте ме, әлде алты жаста шығармын. Әжеммен бірге жатушы едім.
Әже құшағы қандай ыстық, қандай шапағаты зор десеңші. Көзім ұйқыға кеткенше,
әжем айналып-толғанып, арқамнан қағып жатқаны. Еркелеп жатып қалғып
кеткеніңді өзің де аңғармай қаласың.
2.Бір күні түн жарымда оянып кеттім. Орнымнан сездірмей тұрдым да, әжемнің
төсегінен алыстай бердім. Ондағы ойым, қораның екінші бетіндегі әкем жатқан
үйге бару еді. Екі үйдің ортасында иін тіресіп мойындарын көкке созған күйі
маңғаз түйелер жатыр екен. Жүндері үлпілдеп, түнгі самалға желпілдегендей
сезілді. Түйелердің арасымен жүріп келе жатып, мен мамық жүнді ақ ботаның
қасына еріксіз тоқтадым. Осы жерде отырып, жұлдызды аспанға телміріп ұзақ
қарағаным есімде. Ай мені еркелете күлгендей сезілді. Алқаз тізілген түйелердің
өркеші тау жоталарындай көлбеңдеп көрінгендей еді. Түннің тымықтығы сонша –
мен боталардың баяу демін айқын естіп тұрдым.
3.Мен әкеме келе жатқанымды ұмытып, осы жерде таңырқап тұра беріппін...
Достарыңызбен бөлісу: