қалың топ, енді шыдай алмады, лап қойды.
4.– Абылай! – Атығай! – Ақжол! – Қарақожа! – Қабанбай! – Абылай! Абылай!
«Қабанбай» аты аталған тұстағы Найман жігіттері гуілдей шапқан топтың
алдарында келеді. Зеңбіректер ортадағы топтың алдыңғы қатарына ғана оқтарын
жіберіп үлгерді. Бірақ екі бүйірдегі сойылгерлер сапы тез-ақ жетіп қалды. Ар
жағындағы жоңғар атты әскері келіп үлгергенше, түйелі зеңбіректерді түйе-
мүйесімен таптап кетті. Ақ болат сауыты жарқылдап, Жалынқұйрығын көсілте
Абылайдың өзі де шапты. Төбе басындағы қонтайшы көк шатырын жинай
бастады. Сөйткенше болған жоқ, Жоңғардың шаян құйрықты сары жібек жалауы
шығысқа қарай шегіне берді...
5.Осылай жоңғар мен қазақ арасындағы қанды айқастардың жаңа белесі ашылды.
Бұл қазақ елінің жоңғар қонтайшыларын мүлдем жеңіп, атамекен жерінен қуудың
ең алғашқы айқасы еді. Абылай өз шатырына келгеннен кейін, бағанағы қалмақ
зеңбіректеріне жападан-жалғыз қарсы шауып, бүгінгі жеңіске жол салған қызды
іздетті. Бұл Қабанбай батыр мен қазақтың батыр қызы Гауһардан туған жас Назым
екен. Бүлдіршіндей жас қыздың осыншама ерлік көрсеткеніне риза болған
Абылай, беліндегі сом алтыннан соғылған жаңа белбеуін шешіп берді. Абылай
басқарған осы соғыс екі айға созылды.
Достарыңызбен бөлісу: