2.Алғашқы азатжолда ой қалай берілген?
A)Салыстыру арқылы
B)Тұжырымдау арқылы
C)Суреттеу арқылы
D)Пайымдау арқылы
E)Дәлелдеу арқылы
3.Екінші азатжолдағы негізгі ойға қай мақал сәйкес келеді?
A)Ер аруағы – қаруы
B)Ердің екі сөйлегені өлгені
C)Ел үмітін ер ақтар
D)Ер тарықпай, молықпайды
E)Ерді жаяулық емес, ұялулық аздырар
4.Мәтін қандай стильде жазылған?
A)Іс-қағаздар стилі
B)Ауызекі сөйлеу стилі
C)Ресми стиль
D)Ғылыми стиль
E)Публицистикалық стиль
5.Мәтінді қай мақал қорытындылап түр?
A)Ер азығы мен бөрі азығы жолда
B)Ер есімі – ел есінде
C)Батыр жарасыз болмас
D)Ер – ырыстың кілті
E)Бөрі соғар жігіт бөркінен белгілі
6.Бірінші азатжолда не туралы айтылған?
A)Жасыбай көлінің шипасы
B)Жасыбай көлінің тарихы
C)Жасыбай көлінің географиялық сипаттамасы
D)Жасыбай көлінің байлығы
E)Жасыбай туралы аңыз-ертегілер
7.Екінші азатжол қандай үлгіде жазылған?
A)Сын мақала
B)Аңыз әңгіме
C)Ой толғау
D)Тарихи аңыз
E)Шыншыл ертегі
8.Баянауылдағы «Қалмаққырылған» жерінің атауы қай батырға
байланысты
A)Бейсен
B)Абылай
C)Бәсентиін
D)Олжабай
E)Жасыбай
5.1-мәтін
Ақсүйек
Ақсүйекті ай сүттей жарық түндерде, жаздыгүні қыз балалар мен ер балалар
араласып ойнай береді. Мал келіп, қораланып болғаннан кейін, күзет түрінде ауыл
шетінде ойын басталады. Ойынға ертеде ірі қараның жілігі пайдаланған. Күн
көзінде ұзақ жатқан жіліктің қурап, ақ сөңке болатыны белгілі. Соған орай ойын
«Ақсүйек» аталған.
Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Ойын бастаушы ақсүйекті әуелетіп лақтырады.
Ақсүйек жерге түскен соң, бастаушы:«Ал іздеңдер!» - деп бұйырады. Бәрі іздейді.
Ақсүйекті тапқаны:«Мен таптым!» - деп айқайлайды да, ақсүйекті жоғары көтеріп,
мәреге қарай жүгіре жөнеледі. Қарсыластары оны ұстап алуға тырысады. Ұсталып
қалса, ұстаған адамға ақсүйекті береді. Ол әрі қарай жүгіреді. Қай топтың
ойыншысы сөреге жеткізсе, сол топ жеңеді, жеңілген топ өнер көрсетеді. Ойын
кезінде басқа сүйекті пайдалануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: