I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


Құрманғазының суреткер ретіндегі ерекше қасиеті



Pdf көрінісі
бет116/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1. Құрманғазының суреткер ретіндегі ерекше қасиеті 
A) 
басқа салған зобалаңға қарсы күш көрсету 
118


B) бар шығармашылығын тарихи тақырыптарға арнау 
C) өмірдің қуанышты сәттеріне өнерімен белгі қалдыру 
D) заманалық құбылыстарға бойлай үңіліп, ой толғау 
E) майдан даласында өршіл рух таныту 
2. Құрманғазының туған жерінің қазіргі атауы 
A) 
Құрманғазы төбе 
B) Бөкей хандығы 
C) Батыс Қазақстан 
D) Шайтани бата 
E) Астрахань 
3. "Қызыл қайың", "Ақжелең", "Адай" күйлері арқылы күйші бойынан 
байқалатын сезім 
A) 
өкініш 
B) аяныш 
C) қуаныш 
D) сағыныш 
E) реніш 
4. Замана зобалаңына қатысты туған күй 
A) 
"Түрмеден қашқан" 
B) "Қызыл қайың" 
C) "Ақсақ киік" 
D) "Балқаймақ" 
E) "Балбырауын" 
5. Төртінші азатжолда айтылған негізгі ой 
A) 
Өзі ғұмыр кешкен заманның тарихи-әлеуметтік болмысына күй арқылы баға 
берді. 
B) Құрманғазы Сағырбайұлы - қазақ халқының ұлы күйші-композиторы. 
C) Өмірге ғашық жанның жүрек лүпілін танытатын күйлер шығарды. 
D) Қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен белгі қалдырып отырды. 
E) Қанатты күйлерімен поэзиядағы Махамбет сияқты өршіл рухпен ғұмыр кешті. 
6. Құрманғазымен сырлас болған күйші 
A) 
Баламайсаң 
B) Дәулеткерей 
C) Соқыр Есжан 
D) Байжұма 
E) Махамбет 
5.10-мәтін 
1. Мәшһүр Жүсіп Көпеев (Адам Жүсіп) 1858 жылы Батыс-Сібір генерал- 
губернаторының құрамына кіретін Баянауыл ауылдық округіне қарасты Қызылтау 
тауының етегінде дүниеге келген. «Мәшһүр» есімін оған сегіз жасында Орта 
жүздің атақты биі аға сүлтан Мұса Шорманұлы берген. Халыққа сыйлы 
М.Шорманұлынан мұндай атақ алудың өзі бала Жүсіп үшін зор құрмет еді. Мұса 
Шорманұлы алдына келген бала Жүсіптен қандай да бір өлең оқып беруін сұраған. 
Бапаның жауабына риза болған мырза қонақ болып жатқан үйдің бойжеткен 
қызының бас киімінен бір тал үкісін алып, баланың басындағы тақиясына тағып, 
өлең өнері жолында тұсауын кесіп, «Мәшһүр» деген айдар таққан. Кейін Мәшһүр 
Жүсіптен тақиясындағы үкінің сырын сұрағандарға ол «Мұса мырза үкі тағып, 
басыма бақ құсы қонды. Содан бері басымнан бұны тастаған емеспін» деп айтқан. 
2. Есейген кезінде Мәшһүр Жүсіп Бұқарға барып, араб, парсы, түрік, шағатай 
тілдерін меңгереді. Қожа Ахмет Яссауи, Әбу Әли ибн Сина, әль- Фарабидің 
еңбектерін оқиды. Елге оралған кезде ауыл балаларының сауатын ашқан. 1887, 
1895, 1907 жылдары Орталық Азияны саяхаттаған. Түркістан, Бұқара, Ташкент, 
Самарқант, Хиуа қалаларын аралап, өз білімін тереңдете түскен. 
3. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығы өмірдің келбетін, 
адамның ішкі жан-дүниесін тереңірек түсінуге мол таным береді. Бүгінгі таңда 
көптеген ғалымдар Мәшһүр есімін Авиценна, Ұлықбек, Яссауи сияқты 
ғұламалардың есімдерімен қатар атайды. Бұлай айтылуының өзіндік себебі де бар. 
Өйткені, Мәшһүр Жүсіп Көпеев халық арасында тек ақын, ғалым ретінде ғана 
емес, қасиетті әулие, көріпкел ретінде де үлкен құрметке ие болған. 
119


4. Мәшһүр Жүсіптің көріпкелдік қасиетінің құдіретіне өзінің ажалының жететін 
күні туралы айтқан болжамы нақты дәлел болады. Әулие өзінің дүниеден өтетін 
күнін бір жыл бұрын айтып, шариғат жолы бойынша барлық жоралғыны жасатқан. 
Сонымен қатар, ол көзі тірісінде өзінің бейітіне мазар тұрғызған. Мәшһүрдің 
жаназасына жиналған туған-туысқандары оның тірі екенін көріп, бұл әрекетіне 
наразылық білдіргендерге: «Келер жылы осы уақытта сендердің не болып, қайда 
қалатындарыңды ешкім білмейді» деп қана жауап берген. Шынымен де, әулие 
дүниеден өтер кезде 1931 жылы қазақ даласында жұт болып, ашаршылық 
күндерінің зауалынан бар туғандары елдің түкпір-түкпіріне босып кетіп, өзін 
соңғы сапарға шығарып сала алмайтынын білген. Ол отызыншы жылдардағы 
аштық пен репрессия туралы да анық айтып кеткен. 
5. Мәшһүр өз бейітінің болашақ мазарын өзі сызып, жасатқан. Кіретін есігін 
мұсылман шариғаты бойынша шығыс жақтан болса да, ол солтүстікке қаратқан. 
Бұл оның өз өтініші болған соң оған ешкім қарсы шыға алмаған. Зират-үйін екі 
бөлме етіп соқтырған. Бірінші бөлмеде өзінің аманаты бойынша Құран, өзінің 
кітаптары, ер-тұрманы, ат әбзелдері, ақынның өзі қолданған жеке заттарын 
қойғызып, келушілер үшін шағын үстел, ыдыс-аяқ, пеш жанында көмір, ағаш 
қойғызған. Келесі бөлмеде адам басынан асатын тереңдіктегі 3x4 метр көлемінде 
жертөле қаздырған. «Әрі-бері өткен жолаушылар келіп түнеп қалса, барлық 
мүлкімді пайдалансын. Бірақ жуып-тазалап, қайыра орын-орындарына қойып 
кететін болсын. Қорықпасын, мен көрден тұрып ешкімге да бас салмаймын», - деп 
тапсырады. Бұл жерде Мәшһүрдің: «Мен өлгеннен кейін де қырық жылға дейін 
денем бұзылмайды. Тірі адам көзі көреді, серт етемін. Тек жаздың ыстық айлары 
ақыретімді айырбастап отырыңдар, қыс керегі жоқ. Сонда көздерің жететін 
болады», - деп үлкен баласы Шарапиденге шырақшылықты өсиет етеді. Мәшһүр 
өзі атап айтқандай 1931 жылы 27 қарашада дүниеден өтеді. Оның денесі 1952 
жылғадейін бұзылмай жатқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет