I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың



Pdf көрінісі
бет115/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

5.9-мәтін 
1. Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896) - қазақтың ұлы күйші- композиторы. 
Туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала 
ауданына қарасты Жиделі деген жер. Топырақ бұйырған орны - Астрахань (Ресей) 
облысының бұрынғы "Шайтани бата", қазіргі "Құрманғазы төбе" деп аталатын 
жер. Құрманғазы сахараның дәулескер күйшісі Соқыр Есжанның алдын көріп, 
Дәулеткерей сияқты жайсаң күйшімен сырлас болып, Шеркеш, Байжұма, 
Баламайсаң сияқты күйшілердің өнерінен өнеге алған. 
2. Құрманғазының ғұмыр кешкен уақыты, әсіресе, оң-солын танып, өмір- 
тіршілікке белсене араласа бастаған кезі мейлінше күрделі еді. Бұл кезең 
патшалық Ресей жүргізген отаршыл саясаттың ең бір қарқын алған, әбден 
құныққан, шектен шыға басынған кезі болатын. Қашанда ел басына келген 
нәубеттің ауырлық-тауқыметі, ең алдымен, еңсесі биік ерлердің иығына түсетіні 
белгілі. Замана зобалаңы Құрманғазыны да от-жалынымен шарпып бағады. Оның 
"Түрмеден қашқан", "Кісен ашқан", "Ертең кетем", "Бозқаңғыр", "Пәбескі", 
"Терезеден-есіктен", "Бозшолақ", "Бұқтым-бұқтым", "Арба соққан", "Аман бол, 
шешем, аман бол" сияқты күйлері замана басқа салған зобалаңның бір-бір бекеті 
сияқты. Ол қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен жауап беріп, өнерімен 
белгі қалдырып отырған. 
3. Құрманғазы - өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша 
қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алады. Оның "Қызыл қайың", "Ақжелең", 
"Адай", "Сарыарқа", "Балбырауын", "Серпер", "Назым", "Балқаймақ", "Бұлбұлдың 
құрғыры", "Ақсақ киік", "Төремұрат", "Қуаныш" сияқты күйлері өмірге іңкәр 
жанның жүрек лүпілі сияқты. 
4. Кұрманғазыны суреткер ретінде айрықша даралап көрсететін қасиет - ол 
концептуалды күйші. Бір ұрпақ емес, екі ұрпақ емес, бірнеше ұрпақтың тағдырына 
ықпал ететін заманалық кұбылыстарға бойлай үңіліп, ой толғау Кұрманғазының 
рухани болмысына тән. Оның "Жігер", "Көбік шашқан", "Кішкентай", "Ақбай" 
сияқты күйлері өзі ғұмыр кешкен заманның тарихи- әлеуметтік болмысына 
берілген күйші-философтың бағасы. 
5. Құрманғазының асқақ рухы бір ғана музыка саласына сыятын құбылыс емес. 
Мұндай тегеурінді дарынның болмысы біртұтас ұлттың рухани болмысына айғақ 
бола алады. Ұлт тағдырындағы тарихи ұлы өзгерістердің барша қуаныш-қайғысы 
қашанда біртуар перзенттерінің тағдыр-талайымен шендесіп жатады. Бұл орайда, 
Құрманғазы өзінің қайталанбас өнерімен ғана емес, өмірімен де туған халқының 
бүкіл қасиетіне, сол бір алмағайып аласапыран кезеңнің хал-күйіне ең жарқын 
айғақ бола білді. Ол өзінің қанатты күйлерімен поэзиядағы Махамбет сияқты, 
ғылымдағы Шоқан сияқты, майдан даласындағы Кенесары сияқты, өршіл рухына 
қылау түсірмей, замана тауқыметін қайыспай арқалап ғұмыр кешті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет