I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың



Pdf көрінісі
бет195/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

E.
 
Басыңа қиын іс түскенде мүсәпірлерге қайыр-садақа беріп тұру керек.
 
 
7-нұсқа 
1-мәтін 
Замандардың заманында бір күйші ғұмыр кешіпті. Бала жастан өнер қуып, күй 
қайырыпты. Өгіз жайып жүріп, қурайдан сыбызғы қиып, уілдете тартқанда, 
өгіздер күйсегенін тоқтатып, құлақтары салбырай мүлгіп, тындап тұрады екен. 
Ормандағы құс қалғып, батпақтағы бақа тыншып қалса керек. Күйші бала кейде 
қыз-бозбалаға ілесіп, түнгі ойын-сауыққа шығады екен. Түн тынық, жер-әлем 
бусана манаурайды. Қалжың-күлкі, ойын-сауық. Керемет! 
Сонда бала сыбызғысын ерніне апарып, баяу сызылтып күй бастайды. Қыз 
біткен, жігіт біткен тегіс ұйып қалады. Қай-қайсысы болмасын, жүректеріне 
тәтті шырын құйылғандай. беймәлім бір күш қағып алып, биікке, шырқау 
биікке, жұлдыздары жымыңдасқан ашық аспанға әкетіп бара жатқандай 
сезінуші еді. 
1.Мәтінге сәйкес нұсқа 
1.Күй құдыреті 
2.Шебер күйші 
3.Тәтті күй 
A.
Тек бірінші 
B.
Бірінші мен үшінші 
C.
Екінші мен үшінші 
D.
Үшеуі де 
E.
Тек екінші 
2.Күй ойнаған кезде қыз-бозбаланың, айналаның ерекше әсерге елту 
себебі. 
A.
Көпті көрген жасына байланы 
B.
Күйшінің аспабына байланы 
C.
Күйшінің жастығына байлнысты 
D.
Күйшінің шеберлігіне байланысты 
E.
Күй атауына байланысты 
2-мәтін 
Шекер 
Шекер ертеде «Шекер қамысы» деп аталатын тропикалық өсімдіктен 
алынатын. Биіктігі 10 метрге дейін жететін қамыстың 20-25 пайызын шекер 
құрайды. Шекердің ең алғаш Полинезиядан Үндістанға өткендігі болжанады. 
Б.з.д. 510 жылы Үндістанды басып алған парсы билеушісі Дара еліне шекер 
жаңалығын алып келеді. Арасыз бал беретін шекер қамысы тез таралып, көптеп 
200


қарқын алады. Кейініректе Иранды басып алған арабтар да шекердің дәміне 
құнығып, өсіріп, ауқымды өндіріс түріне айналдырды. Батыстықтар да шекерді 
арабтардан алды. Елдеріне қайтқан крес жорықшылары шығыстағы шекердің 
дәмін ұзақ айтып жүрді. Шекер Мысыр, Кипр, Сицилия, Андалусия арқылы 
Еуропа елдеріне, кейін бұл жақтан Канар аралдары арқылы Америкаға жетті. 
XVI ғасырда толыққанды сауда құралына айналды. 
Шекер сөзінің түбі санскрит тілінде «чаркара» (ұсақ тас) деген мағынаны 
береді. Ал Еуропаға бұл атау арабшадағы “суккәр” сөзінен өтеді. Көп елдерде 
осы сөзден таралған атаулар қолданылады. (Орысша “сахар”, ағылшынша 
“sugar”, немісше “zucker” т.б.) Парсылардың «қанд» сөзі де біршама елдерде 
шекер орнына баланады. Ағылшында “саndу”, бізде де «қант» сөзі бар. 
Шекер саудасымен айналысқандардың жұмысы шыңға өрлегені 
соншалық, шекерді «ақ алтын» деп атай бастады. Алыс жерлерден 
келетіндіктен және тапшы болғандықтан ол арзан болмады. Тек өнеркәсіп 
төңкерісі кезеңінен кейін ғана арзандады. 
Франция императоры 1 Наполеон Еуропа құрлығын қоршауға алып, 
шекер жолдарын жапқанында, адамдар жаңа шекер көзін іздей бастады. 
Маргграф атты неміс ғалымының ашқан жаңалығы бұл мәселенің шешіміне 
айналды. Ақ қызылшадағы (қант қызылшасы) тәтті заттарды кристалдандыру 
жолын тауып және оның дәмі шекер қамысына тең келетінін анықтады. Шәкірті 
Ачард мұның өндірісін жолға қойды. Алғашқы шекер фабрикасын 1802 жылы 
Силезияда ашты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет