I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


XVIII ғасырда халыққа кеңінен мәлім болған күйшілер



Pdf көрінісі
бет42/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1.XVIII ғасырда халыққа кеңінен мәлім болған күйшілер 
A)Қазанғап, Дина 
B)Махамбет, Дәулеткерей 
C)Ықылас, Айрауық 
D)Есжан, Байжігіт 
E)Тәттімбет, Баламайсан 
2.Ең көне музыкалық шығармаларды жеткізген аспап 
A)Қобыз 
B)Жетіген 
C)Домбыра 
D)Дауылпаз 
E)Сырнай 
3.Қорқыт пен Кербала өнеріне ортақ нұсқа 
A)Шертпе күй 
B)Дауыс ырғағы 
C)Орындау мәнері 
D)Домбыра әуені 
E)Қобыз күйі 
4.Шертпе күйлері қалай орындалады? 
A)Жалғыз дауысты болып, қолдың тұтас сілтенуімен 
B)Жалғыз дауысты болып, саусақтың ұшымен 
C)Тұрақты екпінмен, саусақтың ұшымен 
37


D)Тұрақты екпінмен, қолдың білегімен 
E)Тұрақты екпінмен, қолдың тұтас сілтенуімен 
5.Күйлердің тақырыбы мен мазмұнына қарай дұрыс жіктелуі 
A)Психологиялық, батырлық күйлер 
B)Арнау күйлер, әлеуметтік күйлер 
C)Тарихи күйлер, эпостық күйлер 
D)Тартыс күйлер, саяси күйлер 
E)Арнау күйлер, лирикалық күйлер 
6.Мәтін мазмұнының реттілігі 
1.Домбыра күйлерінің құрылымдық ерекшеліктері 
2.Күйлердің тақырыптары 
3.Күйдің өрістеп дамуы 
4.Күйдің жоғары деңгейге көтерілу кезі 
5.Күй – аспаптық жанр 
A)4,3,1,5,2 
B)5,2,4,3,1 
C)2,4,3,1,5 
D)3,1,5,2,4 
E)1,5,2,4,3 
3.4-мәтін 
Домбыра – қағып, шертіп ойнайтын ішекті музыкалық аспап. Қазақтың ән-күй 
орындаушылық дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі бар, 
олардың тек сырт пішіні ғана емес, ішек және перне саны да әрқилы болып келеді. 
Қазір домбыраның екі түрі кездеседі. Домбыра негізінен екі ішекті болып келеді. 
Үш ішекті домбыралар да бар. Домбыраны арнайы ағаштардан (қайың, үйеңкі 
және т.б) жасайды. Қазақстанның батыс өңірі, Арқа мен солтүстік-шығыс 
өңірлерінің домбыралары ел арасында көп пайдаланылады. 
Қобыз – ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Мойны имек келетін бұл 
аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады. 
Аспаптың шанағы терімен қапталып, ысқыштары мен ішектері жылқының 
қылынан жасалады. Ертеде қобызды бақсылар науқасты дертінен айықтыруда 
құдіретті күш ретінде пайдаланған. Бүгінде қобыз аспабында ойнау шеберлігінің 
күрделенуіне байланысты төрт ішекті қобыз да пайда болды. 
Жетіген – көп ішекті музыкалық аспап. Кейбір ғалымдар «жетіген» сөзі «жеті 
байлық», «жеті қазына» дегенді білдіреді десе, кейбір аңыздарда ол «жеті хан» 
деген сөзден шыққан делінеді. «Жетіген» деген атау «жеті» және «ән» сөздерінің 
бірігуінен құралуы мүмкін дейтін де пікір бар. Аспап тұтас ағаштан ойылып 
жасалып, шанағы көн терімен қапталады. Күйге келтіру үшін тиек орнына асық 
қойылады. 
Шертер – шанағы терімен қапталған, қазақ халқының ең көне музыкалық 
аспаптарының бірі. Ол екі немесе үш ішекті болып келеді. Құрылысы жөнінен 
домбыра, қобыз аспаптарына да ұқсас келеді. Шертерде көбінесе шертпе күйлер 
орындалады. 
Асатаяқ – ертеден келе жатқан сілкімелі аспап. Қазақ халқы мәдениетінде ұлттық 
билерді сүйемелдеу үшін қолданылған. Халқымызда қоңырау, сақпан, тұяқтас, 
шартылдақ сияқты сілкіп ойнайтын аспаптар да бар. 
Шаңқобыз – көне музыкалық аспап. Оның ортасында сүйір тілшесі болады. 
Шаңқобыз өңделген ағаш таспалардан жасалады. Шаңқобызға жіп байланып, сол 
жіпті серпіп тарту арқылы тілшесі тербеліске келтіріледі де, дыбыс шығады. 
Мұндай аспаптардың темір текшелерден жасалған түрлері де бар. Бұл аспапта 
көбінде әйел адамдар ойнайтын болған. Аспапты күйге келтіру тілшенің 
ұзындығы мен қалыңдығына байланысты. 
Сыбызғы – қурайдан, ағаштан, кейде жезден жасалынатын көне үрлемелі 
музыкалық аспап. Ол ертеректе бақташылардың ең сүйікті аспабы болған. 
Сазсырнай – үрлемелі аспаптар тобына жатады. Ол саз балшықтан жасалынып, 
38


отқа күйдіріледі. Бұл аспаптың көлемі де, түрі де әр түрлі болып келеді. Аспаптың 
іші қуыс, қарама-қарсы жақтан тесілген бірнеше кішкене ойығы болады. 
Қазақтың ұлттық аспаптары сан алуан, ал музыкалық мұрасы өте бай. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет