Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»


  ӨНДІРІСТІК ОРТА ҚАУІПТІЛІГІ



Pdf көрінісі
бет6/80
Дата08.09.2024
өлшемі3,2 Mb.
#203944
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Байланысты:
Груманова-Компьютерлік-технология-саласындағы-техни-қауірсіздік-және-еңбекті-қорғау.

 1.3. 
ӨНДІРІСТІК ОРТА ҚАУІПТІЛІГІ 
Адамның кез келген қызметі әлеуетті қауіпті болуы мүмкін. 
Әлеуетті қауіптілік 
деп қызметкерге жағымсыз немесе өмірлік 
қауіпті факторлар ықпалының мүмкіндігі пайымдалады. 
Өндірістік факторлар еңбек қауіпсіздігінің мемлекеттік 
стандарттарымен жіктелген. Өндірістік факторлар зиянды және 
қауіпті деп бөлінеді. 
Зиянды өндірістік фактор 
бұл ұзақ 
мерзім барысындағы адамға ықпалы оны ауруға немесе жұмыс 
қабілетінің төмендеуіне әкеліп соқтыратын фактор. Зиянды 
факторлар деңгейіне және ықпал ұзақтығына байланысты, 
қауіптіге айналуы мүмкін. 
Қауіпті өндірістік фактор, 
әдетте, жарақаттануға немесе 
жұмыс қабілетін жоғалтуға әкеліп соқтырады. 
Қатер деңгейі қызметтің әрбір түрлері үшін қазаға ұшырау 
жағдайлары мүмкіндігімен бағаланады. Өндірісте қолданылатын 
қорғаныс шаралары қол жеткізілген қауіпсіздік деңгейін қолдап 
отыру мүмкіндігін береді. Қалыпты жалпы жағдайлар үшін адам 
қазасы болуы қатерінің қабылдану мүмкіндігі жылына 1 : 1
000 000 арасалмағында белгіленеді. 
Қатердің екі түрі белгіленген: уәжделген (негізделген) және 
уәжделмеген (негізделмеген). Адам өндірістік апат, адамдарды 
және 
материалдық 
құндылықтарды 
қорғау 
жағдайында 
қабылдануы мүмкін деңгейден асатын қатерге саналы түрде 
барады. Бұл жағдайдағы қатер 
уəжделген (негізделген) 
деп 
есептеледі. Уәжделген қатердің белгіленген көлемдері кейбір 
қауіпті факторлар үшін (мысалы, радиациялық апат жағдайында) 
қабылдануы мүмкін деңгейден асып кетуі мүмкін. 
Уəжделмеген (негізделмеген
) деп қабылдануы мүмкін 
деңгейден асатын және қызметкердің қорғаныс құралын 
пайдаланғысы немесе қауіпсіздік талаптарын орындағысы 
келмеуі нәтижесінде пайда болған қатер аталады. 
Қолданыс табиғаты бойынша теріс факторлар төрт топқа 
бөлінеді: 
1)
физикалық — бұл қоршаған орта температурасының
өзгеруі, шудың, тербелістің, ультрадыбыстың, инфрадыбыстың 
жоғарылатылған деңгейі, қысымның өзгеруі, электрмагниттік 
сәулеленудің жоғарылатылған деңгейі, жеткіліксіз 


12 
жарықтандыру, жоғарылатылған жарық, сәуле ағынының соғысы
2)
химиялық 
— 
бұл 
технологиялық 
процестерде 
пайдаланылатын зиянды заттар, өнеркәсіптік улар, дәрілік 
препараттар. Адам ағзасына зиянды химиялық заттар тыныс 
органдары, асқазан-ішек тракты, тері жабындылары арқылы енуі 
мүмкін. Тыныс органдары зиянды заттар енуінің негізгі жолы 
болып табылады. Улану – заттардың тірі организмдерге зиянды 
әрекет жасай білу қабілеті; 
3)
биологиялық — бұл ағынды суларды жеткіліксіз тазарту
немесе гигиена ережелерін сақтамау барысында пайда болатын 
бактериялар мен вирустар; 
4)
психофизиологиялық — бұл жұмыс орны және жабдық
параметрлерімен, еңбек қарқындылығымен шарттандырылған 
факторлар. Бұл факторлар ағзаның жай-күйіне, оның 
эмоцияларына, ақыл-парасатына жағымсыз ықпал етеді. Ақыл- 
ойдың аса ширығуы, артық әсерленушілік бұған мысал бола 
алады. 
Еңбек процесі факторлары еңбектің ауырлығымен, еңбектің 
кернеулілігімен шарттандырылады. 
Еңбектің ауырлығы 
адамның 
сүйену-қимылдау аппараты жүктемесінің деңгейін көрсетеді. Ол 
жылжытылатын 
жүктің 
салмағымен, 
тұрпатты 
жұмыс 
қимылдарының санымен, дене еңкеюі жиілігімен, кеңістікте орын 
ауыстыру санымен сипатталады. 
Еңбектің кернеулілігі 
қызметкердің эмоциялық саласына
орталық жүйке-жүйесіне ықпал етеді. Оны келесі факторлар 
анықтайды: жұмыс режимі, орындалатын операциялардың 
бірқалыптылық деңгейі, ақыл-ой жүктемелері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет