3
ПЕДАГОГИКА оқулығыАбай атындағы
Қазақ Ұлттық педагогикалықуниверситетінің
90 жылдық мерейтойына арналады.
Осы университеттің шәкірттері ретінде
мерейтойға қосқан үлесіміз деп қабылдаңыздар.
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, тәуелсіздіктің тұтқасын
берік ұстанғаннан бері қоғамдағы әлеуметтік
-
экономикалық, саяси, мәдени
өзгерістер де жаңа сапалық деңгейде көріне бастады. Ал
қоғамдағы
өзгерістердің барлығы білім беру саласына, өскелең
жас ұрпақтың санасына
тікелей әсерін тигізетіні анық. Сол себептен білім беру мазмұнында да жаңа
көзқарастар, жаңа парадигмалар пайда болып, оларды іске асыру жолдары
іздестірілуде.
XXI ғасырдың ұстаздары да сан ғасырлар бойы ата
-
бабаларымыздан
мирас болып қалған
асыл әлеуметтік тәжірибені, өнегелі өсиеттер мен
мәдени мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, қоғамының интеллектуалдық
әлеуетін
нығайтуға ұмтылысы
-
болашағымыздың іргетасының берік
қалануының кепілі.
Оқулықтың
«Педагогикалық мамандыққа кіріспе»
атты
бірінші
бөлімінде
заманауи білім берудің, оның рөлі мен ерекшеліктерін,
білімнің
әлеуметтік мәнін, парадигмасы: нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануын
аша отырып, білім беру құндылық, жүйе
,
үдеріс
және нәтиже ретінде,
адамның тұлғалық және кәсіптік дамуының факторы ретінде нақтыланады.
ХХІ ғасырдағы стратегиялық басымдылық тұрғысынан дүниежүзлік
білім беру жүйесінің
негізгі даму бағыттары, үздіксіз, ашық бі
-
лім беруге
ауысу
-
қазіргі
білім берудің дамуындағы жетекші
дүниежүзілік
тенденциялардың бірі екені, білім беру жүйесінің заңнамалық негіздері, білім
алушылар
тұлғасының зияткерлік әлеуеті, функционалдық сауаттылығын
дамытудың негізі, педагогтың жеке тұлғаның қалыптасуындағы және оның
орта білім міндеттерін шешудегі рөлі,
педагог
әрекетінің мамандыққа сай
сипаттамалары қарастырылады.
Педагогикалық кәсіп пен іс
-
әрекеттің жалпы, білім беру деңгейлері
бойынша,
педагогтың
білімі, білігі, іскерлігі және тұлғалық
қасиеттеріне
қойылатын талаптар жүйесі ретінде, педагогтың тұлғасы және оның кәсіби
құзыреттілігіне, педагогтың үздіксіз кәсіби өсуі факторларына жан
-
жақты
тоқталған.
Достарыңызбен бөлісу: