Шалдың Естемеске салған қолқасы:
Өнеріңді салып көрсең қайтеді? Хақ
тағала көз жасымызды көрсе, кім біледі, нарымыз иіп кетер. Салшы өнеріңді,
қарағым. Қолымнан келсе, не сұрасаң да берейін.
Естеместің шалға айтқан жауабы мен елде жоқ қолқасы:
Сіз де елде жоқ
қолқа салып отырсыз. Мен де елде жоқ қолқа салайын. Осы күнге дейін жар
сүймей келе жатыр едім...
Шал баламды қор қылмассың, сөзім – сөз өнерің жетсе, тілегіңді бердім
деп келісімін береді.
Сол кезде Жаңыл есіктен қарап «Екі күйші өнерлеріңді бірдей салыңдар»,
– деді.
Түйенің ендігі түрі манағы көргеннен бөлек. Балшықтан құйғандай де-
несінде қыбыр еткен тірлік белгісі жоқ. Басын манағы келген жағына
бұрып, сонау алыс адырға құрғақ, жансыз көзін қадап, қатып қалған.
Жаңыл келіп, түйенің мойнынан құшақтап, басынан сипағанда, Естеместің көзі
тағы да Жаңылға түсіп, «Мал баласына осылай пейілің түскені жас та болсаң,
аса мейірбан боларсың» деп ойлап, күйшінің іші жылып кетеді.
Күйші жүгіне беріп, «я, сәт» деп, домбыраны қағып-қағып жіберді.
Жасы ұлғайып, қимылы ауырлап кеткен ұстазының жас жігіттей құлшы-
нып шыға келгеніне, Оразымбет таңырқай қарады. «Бір жылдан бері мен
аңдамаған мінезін осы бүгін көрсетті-ау» деп ойлады. Әншейінде жайға-
сып, малдасын құрып, тіпті шынтағына жастық қойдырып тартатын күй-
ші, қазір бір тізерлеп, тулақ үстіне жүгініп отыра кетіп, сілтей жөнелді.
Домбыраны қатты қағып, нарды бір елең еткізіп алды да, күйді бастап ке-
теті.
Діріл қаққан күй тарауға, майда қоңыр сазды сарынға ауысады да, ақы-
рындап, көтеріле береді. Күйшінің саусағы домбыраның сағағына таман
келіп, безек қағып, күй аз бұлқынып, жоғары өрлейді де, суырылып ба-
рып, асқақтап жүре береді.
Оразымбет күйді жалғастырып кеткенде ұстазына қатты сүйсінеді. Естемес
күйге елігіп, өзге дүниені ұмытып кеткендей болады. Талайдан бері арқаны
құрыстырып, кеудені кернеп, булықтырып жүрген нәрсе түйіні шешіліп, қырты-
сы тарылып, жанын сергітіп, әсем сазды күй болып дүниеге келе жатыр. Сарыл-
тып іздегені оңай табылып, шиеленісіп қинағаны тез шешіліп, күйші көңілі де
күй қанатына ілесіп, алысқа самғайды. Сәл иіліп, талдырмаш тұлғасы әсем
майысқан қыз бұлдырап, алыстап, биіктеп кетеді. Сонау көкжиектен, сағым ара-
сынан сыңғырлап күліп, еліктіре шақырғандай болады. Күйші көңілі соған тал-
пынады.
Достарыңызбен бөлісу: |