қыз нардың емшегін қысып ұстап, қатып қалыпты. Нардың желіні тыр-
сиып барады. Естемес қыздың әдейі саумай тұрғанын байқады.
«Екі күйші,
өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің астары енді ашылып, есіне
қайта түсті. Дір етіп, бір шошынып қалған күй әлгі тапқан жайма шуақ биігінен
төмендеп, қайтадан мұңлы сазға ауысып, күңіреніп барады. Сәлден кейін жалт
еткен арманынан айырылып қалғандай күй тағы бір талпынды.
Естемес
Жаңылға енді бір қарағанда, сығымдап қысқан сүйріктей ақ саусақтың
арасынан шым-шымдап сүт тамып тұрды. Күйшінің де көзінен жас тамып
кетті: «Заманым өткен екен ғой»,– деп аһ ұрды.
Жалт бұрылды да: – Ар жағын сен тарт, – деп саңқ етіп, домбыраны Оразым-
бетке тастай берді.
Оразымбет домбыраны алып, жалғастырып тарта
жөнелгенде, нардың сүті де шелекке сауылдап құйыла берді.
Біз қайдан білейік, ел:
«Наридірген»
күйі осылай туыпты деседі.
«
Ұлттық құндылықтар:
Күй мен өнер құдіретін көрсетеді.
«
Түсінік:
Қазақтың аңызы негізінде жазылған шағын әңгіме болса да, айтар
ойы көп, тағылымы терең шығарма. Күй құдіретін ашық жеткізеді.
«
Өз ойым:
Автор Естеместің ауыр тағдырын қоса айтады. Күй соңында күй-
ші қатып қалған нарды идірсе де, қыз оған заманының өткендігін білдіреді.
Осыдан күйдің шығуы туралы аңызды да айтып өтеді.
«
Достарыңызбен бөлісу: