ныптың жетекшісі. Ол адамгершілігі мол әрі ақылды ұстаз, талапшыл әрі қатал.
Әжесі
- Қожаны қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қызғыштай
қорғап өсіреді. Өзінің ерке немересін еш жамандыққа қимайтын жанашыр жан.
Анасы
- Қожаның анасының аты - Миллат. Ол ақылды, тәрбиелі адам. Ауыл-
дың үлкен-кішісінің бәрі бірдей алдынан қия басып өтпей, хан көтеріп, құрмет-
теп тұрады. Екі бірдей сайлауда қатарынан аудандық советке депутат етіп
сайланған.
Сәйбек қарт
- мектеп күзетшісі. Ол Қожаның әкесі Қадырдың досы, әкесі тура-
лы көп білетін әрі Қожаға ақыл айтқан кісі.
Оспанов
- зоология пәнінің мұғалімі. Қожаның жақсы көретін мұғалімдерінің
бірі. Ол Қожаның әкесінің көзі тірі кезіндегі жан досы болған.
Анфиса Михайловна
- орыс тілі пәнінің мұғалімі. Қожаның айтуынша,
"мұғалімдердің ішіндегі алтын адам".
Ахметов -
галифе қара шалбар киген жіңішке аяқтары сидиып, шашы қақ жа-
рыла желбіреп қаздиып тұрған мектеп директоры. Қатал, талапшыл.
Достарыңызбен бөлісу: