«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны



Pdf көрінісі
бет125/248
Дата18.09.2024
өлшемі3,69 Mb.
#204595
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   248
Байланысты:
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау (1)

Сүттібайдың Қожасы
— Қожаның сыныптасы. Сүттібайдың үлкен баласы. Бір
сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны өңіне қарап "Сары
Қожа" деп атайды.
«
Маңызды деректер:
Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мұрат, Болат, Ербол,
Бақыт деген аттар Майқанова тәтейше айтқанда, бұлар жоғары идеялы есімдер.
Мұндайлар өз атын кәдімгідей мақтаныш көріп, біреумен таныса қалса, мәнер-
леп, көтеріңкі дауыспен айтады.
«Өмірде осы тәрізді әділетсіздіктер толып жатыр. Жуырда мен газеттен оқы-
дым: қытайлардың ат қоюы қызық болады екен. Бала бес-алты жасқа толғанша,
оның тәуелді аты болмайды. «Ортаншым», «Кенжем», «Сүйіктім», «Жұпарым»
деген секілді шартты атаумен атап жүреді. Ал есі кіріп, бес-алты жасқа толған-
нан кейін, бала өзіне қандай есім ұнаса, соны таңдап алады. Міне, әділдік деген.
Шынын айтсам, бұл о баста Қожа емес, Қожаберген екен. Туу куәлігінің өзінде
солай деп жазылған. Бірақ дүниеде не қилы ғажайып құбылыстар бола беретіні
тәрізді, бертін келе Қожабергеннің «құйрығы» үзіліп түсіп қалыпты.
Біз бір класта екі Қожа бармыз. Сүттібайдың үлкен баласының аты да Қожа.
Оқушылар екеуімізді шатастырып алмас үшін, ӛңімізге қарап, мені Қара Қожа,
оны Сары Қожа деп атайды. Жантас әдейі бұзып, келемеждеп, «Қара Қожа» де-
удің орнына «Қара Көже» дейді.
Фамилиям Қадыров. Бір кезде «Қадырұлы» деп те жазып жүрдім. Бірақ жұрт-
тың бәрі «ов» болып жатқанда, менің олардан алабөтен жырылып шыққаным
жарамас дедім де, «Қадыровқа» қайтып келдім. Қадыр - менің әкем, майданға
аттанғанда, мен екі жастамын.
Екі танауыма екі саусағым еркін сыйып кетерлік, қосауыз мылтықтың аузындай
үңірейіп тұр, әжесі «тәмпіш неме» дейді. Екі шекемнің шығыңқылығы болмаса,


басым қарбыз тәрізді доп-домалақ, тап-тақыр.
Шашымды Әубәкір шал кеше ғана ұстарамен сыпырып алып тастаған. Қатты-
лығы, қайраттылығы шошқаның қылшығынан бір кем емес. Осы ауылда оны
алуға жарайтын бір ғана ұстара бар — ол Әубәкірдікі. Оның өзі де алғаш салған
бетте тұтқырланып, жүрмей қалады.
Біздің «Спартак» кеше қайраттықтардан жеті де бес болып ұтылған еді. Бүгін
оларды қалайда жеңуіміз керек. Команданың капитаны ретінде соған қатты ши-
рығып, іштей дайындықпен келе жатырмын. Мектептің қасында Жантас ұшыра-
са кетті. Қолында лагерьге жолдама бар екен, бірақ тізімде Қожа жоқ болып
шығады.
Майқановамен алғашқы кездесуі: жаңа оқулықтар, дәптерлер сатып жатыр де-
генді естідім, әжемнен ақша ала салып, замғап дүкенге келдім. Рас, сатып жа-
тыр екен. Бірақ адам деген лық толы. Кезектің соңы далаға шығып кетіпті. Ке-
зекті күтпей өтіп кетпекші болғанда көк көзді бойы Қожанікіндей тықылдаған
келіншек ұстап алады. Бұл Сәбира Майқанова болып шығады. Қазақ тілінен
мұғалім және класс жетекшлері болады.
Қожа кешігіп келгенде, бірінші сабақ орыс тілі. Анфса Михайловна Пушкин-
нің «Қысқы кешін» жаттауға беріпті, Қожа ұмытып кетеді, бірақ соңында қоңы-
рау соғылып Қожаның жолы болады.
Бақа ұстап келудә тапсырған - зоология пәнінің мұғалімі Оспанов.
Мен бір, екеудің орнына тіс порошогінен босаған қаңылтыр қобдишаға толты-
рып, бес бақа әкелдім. Оның біреуі ғана үлкендеу еді де, басқалары кішкентай
ұсақ бақалар болатын. Кішкентай бақаның бірін Майқанованың сумкасына
сүңгітіп жібереді, Майқанова содан сабаққа екі күн бойына келмеді. Шошынып,
ауырып қалыпты. Жұмысқа бүгін ғана шығып отыр.
«Түбінде адам болатын бала» деп директорға мақтап бара жатқан: Майқанова.
Кешкі астан кейін төр үйге кіріп, стол шамды жақты да, сырттан ештеңе көрін-
бестей етіп терезе перделерін түсірді. Бұрышта кісі бойы үлкен айна алдына
отырып құпия кеңес құрды.
Қаулы. Қадыров Қожаның жеке бас тәртібіне байланысты мәселені талқылай
кеп, құпия кеңес мынадай қаулы алады:
«БІРІНІШ. Тәртіпсіздік кісіні жексұрын кӛрсетіп бітеді екен. Оған көзім әбден
жетті. Әрі бұл адамның келешегі үшін зиян. Тәртіпсіз болсаң, комсомолға да ал-
май қоюы мүмкін. Сондықтан, қалай еткенде де, тәртіпті болуым керек. Ол
үшін:
а) Бұдан былай ешкімге тиіспей, жайыма жүремін. Досым болсын, қасым бол-
сын, бейбіт қатар өмір сүруге тырысамын.
ЕСКЕРТУ! Егер тиісуші мен болмай, басқа болса, оған: «Аулақ жүр, жақсылық
көрмейсің» деген тәрізді ескертпелер жасауым керек. Онда да тыңдамай, баса
көктеп келе жатса, мұндай жағдайда, қажет деп тапсам, қол да жұмсау арқылы
қорғануға еріктімін деп санаймын.
ә) Осыдан осылай ешқандай тәртіпсіз, тұрпайы сөзді аузыма алмаймын. Үлкен-
ді аға, кішіні іні деп тұрам.
ЕКІНШІ. Әрбір тәртіпсіздік қылығым үшін дер кезінде аяусыз жазаланып


тұруым тиіс. Жазаның түрі төмендегіше болады:
а) Егер біреуге өзім тиісіп, шатақтассам, ол күні бір мезгіл ас ішпеймін.
ә) Біреуді жазықсыз тілдейтін болсам, кезекті демалысымда ешқандай қия ба-
сып шықпаймын, үйде отырам. Яғни өзімді үйге қамаймын деген сөз.
б) Сабақ үстінде тыныш отырмағандықтан мұғалімнен ескерту еститін болсам,
ол жолғы үзілісте тысқа шықпай орнымда отырамын.
в) Егер біреу-міреудің лақ-қозысы, тауық, қазы, иті біздің үйдің маңына жолап
кетсе, аямай ұрып қуалайтын жыным бар. Алмастың қызыл қоразын сӛйтіп ӛл-
тіріп қойдым. Бұным да жарамайды, жай айдап жіберуіме де болушы еді ғой.
Ендігәрі бұндай қылықтарым қайталанса, жоғарғы тауық базға демалмастан екі
рет жүгіріп барып келем.
ҮШІНШІ. Сұлтанмен жолдастық қарым-қатынасым бұдан былай үзіледі. Ол
екеуіміздің сертіміз бүгіннен бастап күшін жояды. О дүниедегі қызыл ошақ
жайына келетін болсақ, мен Құдайға сенбеймін, сондықтан мені дозақ оты се-
скендіре алмайды.
ТӨРТІНШІ. Сабақты жақсы оқу — үлгілі оқушының бірінші белгісі. Мен осы
тоқсанның ішінде қалай еткенде де озат оқушылардың қатарына қосылуым ке-
рек. Ол үшін:
а) Сабақтан бір сағат та себепсіз қалмаймын.
ә) Үйге берілген тапсырманы мезгілінде орындап отырам.
БЕСІНШІ. Жоғарыда қабылданған міндеттемелердің мүлтіксіз орындалуын
қамтамасыз ету үшін, күн сайын ұйықтар алдында өзіме-өзім есеп беріп, жақ-
сы-жаман қылықтарымды осы дәптерге тізіп жазып отырамын. Осы айтылған-
дарды жүзеге асыру мен үшін ұлы сын. Егер осы сыннан өте алмайтын болсам,
онда маған бұдан былай оқу оқып қажеті жоқ. Анам байғұсқа күйігімді тартқы-
за бермей, адам болатын басқа бір жолды іздеп жоғалуым керек». Қаулы
бірауыздан қабылданды.
Шығарманың аяқталуы: «Әжемнің әжімді маңдайынан шӛп еткізіп бір сүйдім
де, жүгіріп тысқа шығып кеттім. Шіркін, бүгінгі кеш қандай әсем еді. Ай жа-
рық. Аспанның тұп-тұнық кӛк жібек шатыры бар жиһазын тағынып мӛлдіреп
тұр. Клуб жақтан гармонь үні, балалардың шуылдап ойнаған дауыстары
естіледі. Бойымда керемет бір жігер оты лапылдап, солай қарай бет алдым. Ай
нұрынан орнаған күміс кӛпір белдеулеп бет алдымда, ауылдың дәл іргесінде
ӛзен жатыр жарқырап. Мӛп-мӛлдір мына ғажап дүние... «Үш! Самға!» деп, қол-
тығымнан қанат бітіретін, арман нысанасына қарай алып ұшатын тәрізді. Лаула!
Лаула, жігер оты! Самға, қиял құсы! Асығатыным да, аңсайтыным да ертеңгі бо-
лашағым.»
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет