Жанры: роман
«
Бөлімдері: «Қызыл алма», «Мұнара», «Махаббат», «Аңыздың ақыры» «
Композициялық талдау: Басталуы: Шөл дала мен сусыма құм. Жорықтан қайтып келе жатқан әмірші.
Байланысуы: Аспанмен бой таласқан ұзын сырық - көк мұнара. Ұлы
ханымның Әміршіге құрты бар қызыл алманы беріп жіберуі. Әміршінің ішкі
ойлары мен мұнараның сыры.
Дамуы: Шебер Жаппардың өмірі туралы. Шаһарға келіп мешіт салуға қатысу.
Әкесінің аманат айтып, қаза болуы.
Шиеленісуі: Жаппардың көк мұнараны салуы. Кіші ханымға деген махаббаты.
Шарықтау шегі: Махаббат. Әміршінің шебер мен Кіші ханымды қатал
жазалауы.
Шешімі: Әміршінің ішкі ойлары мен Қағба туралы түс көруі, жолбарысты олжа
етуі. Шөлдегі жорық, көзіне елестеген құмырашы жігіт пен ажал.
«
Кейіпкерлері: Әмірші - Шаршы әлемдегі әрбір тірі пенденің құлағына көк найзаның
сүңгісіндей суық естілетін айбарлы Алмас хан.
Кіші ханым - ақ желең көйлекті, басында да ақ селдір перде. Қымсына
күлімдеген нәркес жанары бар, шиедей албыраған екі етті ерін. Үлбіреп тұрған
сұлу уыз жас. Әміршінің кіші әйелі.
Жаппар шебер - ендір қара жігіт, шаһарға алғаш келгенде он жеті жастарда
болатын. Кіші ханымға мұнара салу кезінде ессіз ғашық болады.
Жаппардың әкесі - Ортөбелік шебер құмырашы, көкжөтелден қаза болады.
Ұлы ханым - дүниеқоңыз, қызғаншақ. жаман мінезді жан.
Күтуші әйел - ернін жымқыра тістеген, опаны аямай жаққан ат жақты сопақша
жүзі шығылтықтанып тұрады. Сүрмелі көздің сояу кірпіктері қыдығы кеткен
бетте өз-өзінен мен мұндалап тұратын қақсақалдыққа тән қайсарлықты астына
бүгіп, өп-өтірік келтірген болады.