«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны



Pdf көрінісі
бет149/248
Дата18.09.2024
өлшемі3,69 Mb.
#204595
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   248
Байланысты:
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау (1)

 2. «Мұнара»
Жаппар өмәріне шегініс жасалады. Ортөбелік құмырашы ұлын ертіп
Ахмет саудагердің үйіне келіп, мешіт салып жатқандардың қатарына
қосылады. 
Жаппардың көз алдында әкесі көкжөтелден өледі де, баласына
«шаһардан кетпе»
деп аманат айтып кетеді.
Шебер жөткірініп қалғандықтан, алыстан шолып келе жатқан қалың нөкер
мұның қасына тоқтайды. Не шайтан түрткенін білмейді, аяқастынан тамағының
жыбырлап қоя бергені.
Қайдағы аяқ астынан болсын... «Әмірші бүгін намазға келеді» деген хабарды
естігенде-ақ, бұның екі тізесі
дірілдеп ала жөнелгенді. Қорыққан баладай бірден сыр алдырып алғанына
қысылып, қасындағыларға қарап еді, біразы қобалжып тұрса керек, әдетте
түнеріңкі жүретін қабақтары жұмсарып, өңдеріне күлкі де емес, қорқыныш та
емес, бір бейжай сезімнің табы қонақтапты. Іштеріндегі мосқалдары ғана сыр
берген жоқ. «Келсе келгені жақсы» дегендей, мұрттарын ширатып қояды,
көздерінде бір қуақы ұшқын ояныпты. Мұндайда қуану керек екенін, қорқу
керек екенін анық білмейтін жастау жағы жүздері қуқыл тартып, абыржыған
қалып танытты.
Күні бойы медіресе жақтан көз алмайды.
Мешіттің іргетасы Рамазан айының төрті күні дәл осы арада қаланғанын,
әмірші өз көзімен көріп тұрды. Содан бері төрт ай өтеді. 
Бес жүз кісі тауда
тас шығарып жатты. Екі жүз кісі оны сол арадан жылтыратып өңдеді. Арба
жеккен тоқсан бес піл тасып тұрды... Төрт ай бойы таңертең күн көтеріле сары
күйме медресе ауласына келіп кіреді де, күн бата ат мінген қалың нөкердің
ортасында сарай жаққа қайтып бара жатады. Төрт ай бойы естігені: «Әне, анда
өзі қарап отыр!»
Мешіттің біткеніне үш күн болды. Ішінде әрқайсысының биіктігі жеті
құлаштан асатын тастан қашалған төрт
жүз сексен баған бар. Әміршінің денсаулығына дұға оқып, жорықтарына бата
беретін бұл мешітте бәрі алтын, бәрі мәрмәр.
Үш күннен бері жұма намазды күтіп тұрған муәзіннен бүгін ғана байтақ
шаһарды түгел жаңғырықтырып азаншының айқайы шыққан-ды. Жұма намазды
осында кеп оқыған Әмірші мешіттен шыққан соң, оның сырт ажарын
қызықтады.
Әмірші өзіне жақындаған сайын құты қашты. Ту сыртындағы көк сида мұнара
қақ төбесінен шаншыла құлап
келе жатқандай, басын көтермейді. Тамағы құрғап, кеуіп қалды, демі жетпей,
тынысы тарылып барады. Бірақ көмейі әлденеге қыж-қыж жыбырлап, тамағы
қышып қоя берді де абайсыз жөткірініп қалды... Ол аз дегендей, тағы


жөткірінді... Екі беті ду қызарып кетті. Сол-ақ екен, мұның деңгейіне жетіп
қалған сары ала нөкер кілт тоқтады. Тамағын буып тұрған жөтел де жым болды.
Бұның жасаурап кеткен көзі қақ ортадағы аласа адамның басын әнтек
шалқайтып мұнарға қарағанын шалып қалды. Әміршінің сол екенін іші бірден
сезді. Бірақ тіктеп қарауға батылы жетпей, көзін төмен салып тұра берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет