4. «Аңыздың ақыры»
Әмірші бойында арпалыс болады, жанын жегідей жеген күйзеліске түседі.
Түсіне Мекке-Мәдине, Қағба кіріп, жан дауысымен: «Хақ тағала, қай
қызметіне де әзірмін,» - днп айқай салып оянады.
«Тек жұртқа жасаған
мейіріміңді маған да қия гөр», - деп екі етек боп жалбарынып келеді. Бірақ
тірсегінен қағып өтіп, шыр көбелек үйіріліп, шыр анала қашып жүрген
Қағбаның қасиетті тарғыл тасы бұған бірңбір жеткізбейді. Түспен кейіпкер
психологиясындағы дағдарысты бейнелейді. Ол түсін дорытайын деп піріне
барса: «Кие үркіткен, аруақ ренжіткен жерің бар шығар, балам, ойлан», - дейді.
Пірінің осы сөзі әміршінің есіне шебердің киесін үркітіп, оның құмыраш
әкесінің аруағын ренжіткенін растайды. Алайда сабыр таппаған әмірші тағы да
жорыққа аттанады.
Жорыққа аттанып бара жатқанда алдынан тілі мен
көзден айырылған, боп-боз қу сүйегі қалған құмырашы кезеседі. Ол -
баяғы Ортөбелік өндірдей жігіт.
Оның адам баласын арбап алатын нұрлы
көзінің орнында екі шүңірек қана қалған. Бұл жай ған көзге елестеп тұрғанын
кейін ғана аңғарады.
«Қорыққанға қос көрінеді», «Барар жерің бәрібір жердің асты»
.
Әмірші құба шөлде жорықта жүреді. Әмірші шынашақтай құсқа көзін
қадап алады. Әмірші ойынан соқыр жігіт кетпей қояды.
Шаршы әлемдегі
әрбір тірі пенденің құлағына көк найзаның сүңгісіндей суық естілетін айбарлы
Алмас хан
атағынан да тайсалатын түрі көрінбейді.
Шілде күні шатыр іші
ысып кетіпті. Тағы да көзін ашқанда төбесінен қара қоңыр күңгірт бірдеңе
төніп тұрды. Бірақ Әмірші бұл жолы өзінің, үйреншікті алтын күйме,
атлас шатырында жатқанын, әлде баяғыда өзі салдырған тас зынданда
жатқанын анық ажырата алмады.
«Жазушы» баспасы
Достарыңызбен бөлісу: |