жеңі жауып тұр. Оюланған көк барқыт кең балақ шалбар. Аяғында күмістеген
кең қонышты саптама етік. Сауытын ышқырланып алған. Күміс белбеуінде жез
сағалы, қынына алтын жалатқан көк семсер. Сол қолының шынтағына ілген бо-
лат қалқан. Қазір қауіпсіз бір тыныштық шақ болғандықтан шетіне зер ұстаған
көк барқыт шапанын иығына жамыла салған… Бұл — осы көптің қолбасшысы.
Табын руының биі, мың жылқы айдаған сұлтан Тіленші ұлы Жоламан батыр
еді.
Хабаршы жігіт(Байтабын)
- Ат үстіндегі қара торы, жас қайыңдай берік, шы-
мыр денелі жігіт. Байтабын үлкен апасынан туған Кіші жүздің Есентемір руын-
дағы жалғыз жиені еді. Жанындай жақсы көретін. Әйтсе де ел қамын ойлаған
Жоламан, қиын-қыстау қатерлі нартәуекел іске көбінесе Байтабынды жұм-
сайтын. Өйткені Байтабын шексіз батыр, епті, айлакер. Тапсырған істі тап-тұй-
нақтай етіп орындап қайтады. Бірақ өзгеге сыр бермегенмен, Жоламан да Байта-
бын оралғанша жанын қоярға жер таппайтын.
Достарыңызбен бөлісу: