на мұрты бар. Қою шоқша сақалы сүп-сүйір. Сақал-мұрты күңгірт сары. Басын-
да жарғақ тысты құндыз тымақ, қара мақпал жеңіл құндыз ішігінің сыртынан
бозғылт түйе жүн шекпен жамылған, Аяғында атқа мінуге ыңғайланып тігілген
орта қоныш көк салмен өрнектелген саптама етік. Отырған отырысында, тұрған
тұрысында ілтипаттық пен тәкаппарлық қатар аңғарылады. Сәл шегір тартқан
өткір қырағы көзі қарағанда адамның ту сыртынан өткендей. Сараң қимылы,
жұмыла біткен жіңішке еріндері, аз сөйлеп, көп тыңдайтын адамды сездіреді.
Егер тұлғасына, көңіл райына қарасаң ішінде тұнып жатқан үлкен ақыл, бұлқы-
нып сыртқа шыққысы келген жігер барын ұғасың. Абылайханның немересі, Қа-
сым төренің ортаншы ұлы.
Нысанбай -
жырау, ел аралаған әрі сыншы, әрі жыршы .
Наурызбай -
жиырма екіге жаңа шыққан келбетті жігіт. Бір әке, бір шешеден
туса да, бітімі Кенесарыға мүлде ұқсамайды. Сұңғақ бойлы, екі иығына екі кісі
мінгендей құлаш жаурын, тіп-тік келген, ат жақты, екі бетінен қаны тамған
аққұба түсті. Мұрын, көз, қас-қабақтары қазақ жігіттерінікінен көрі мол пішіл-
ген, танадай жалтыраған сопақтау келген үлкен қоңыр көздері адамға ілтипат-
пен қарайды. Қызылды-жасылды меруерт өрілген айдары самай тұсынан салбы-
рап түсіп тұр. Жаңа тебіндеп келе жатқан қоңыр мұртты. Басында қызыл
барқытпен тыстаған құндыз бөркі, үстінде құйыршықтары мен тырнақты аяқта-
ры салбыраған қара қасқа күзен ішік. Ішігінің жағасына, жеңіне, шетіне қара
қоңыр құндыз ұстаған. Беліндегі күміс белбеуіне былғары қынды селебе таққан.
Наурызбай ұрысқа да осы киімімен шығатын. Білегіне дейін сыбанып түріп
алған оң қолында бауыры қорғасын, бес батпан зілдей ауыр қара найзасын ту-
дай көтере ұстап, астындағы сарғылт қылшықты ақбоз атын ойнақтата «Абы-
лайлап!» шапқанда, жан қарсы келе алмайтын. Және зілдей қара найзамен еш-
кімді қос қолдап шаншып көрген емес. Оң қолында төрт жігіттің күші бар дей-
тін жұрт. Наурызбай асқан найзагер, заманында бұл соғыс қаруынан өзіне пара-
пар келетін жан кездестірмеген. Және жауға шапқанда қабағы қарс жабылып,
жүзінде ерекше қаһар пайда болатын. Ал жайшылықта Наурызбайдан ақ
жарқын жан жоқ. Ол мұндайда әрі әнші, әрі әзілқой.
Күнімжан -
биыл жиырма алтыға шыққан. Оймақ ауыз, құмай көз, қара торы-
ның сұлуы. Екі бала тапқанына қарамастан, сұңғақ бойына жарасқан тіп-тік қос
жұмырықтай қос анары алтын жамбылы алқасын тырсылдата керіп, аш белі
үзіліп кетердей талып, мықынынан төменгі бура санды бөксесін мейлінше
айқындап тұр. Байдалы тұқымы.
Достарыңызбен бөлісу: