ды. Бұл - Тіленші бласы Жоламан бастаған Табын руының көші.
Қатарлас қонғандар: Жағалбайлы, Шөмекей, Шекті ауылдары.
Жоламан көші Сейтен көшіне мүлде ұқсамайды. Киіз үйден бөлек, шоқши-
та тігілген қараша лашықтар мен ақ шатырлар да көрінеді. Мықты
жылқылардың арасында сидаң бойлы, көтеріңкі кеуделі түрікменнің ақал-
теке, текежаумыт тұқымдастары да бар. Көштің, малдың да сәні түйе.
Киімдері де Арқа өңірінен басқаша.
Қалың ел кеше кешке келген, түйенің қомын алып, қос шатырлар тігіп, екі-үш
күн тынығуды ұйғарған.
Бұл көш те атамекен кең жайлауынан босқан көш.
Бұл ауылдар сонау күнбатыс жақтан хабар күтіп тыпыршуда еді. Сондықтан, ер
азаматтар құбыла жаққа жиі қарайды.
Батыс жақтан салт аттыны алғаш көр-
ген: Жоламан батыр.
Хабаршы жігіт жамандық хабар әкеледі. «Бізді қуып Орынбордан қалың
әскер келеді».
«Ереуіл атқа тағы да ер салатын күн туды, — деді күйіне дауыстап, — ха-
лық кегіне суарылған ақ семсер жүзі мұқалмай бетімнен қайтпаспын.» Жо-
ламан батырдың бұлайша серт беруінің ерекше себебі бар. Табын — аса
бай ру емес.
Көп жылдан қонар көлі де, ұшар көгі де Електің Ақ Жайыққа құяр
сағасынан бастап, Рын құмы мен Үшөзеннің малға жайлы, бидайықты, бозды
шалқар жағасы болатын. Бұл ара ежелден-ақ қазақ жері саналатын.
Россия пат-
шасының ана жылдардағы рұқсаты бойынша Кіші жүз Жайықтың арғы
бетінде де мал жайып, шөп шабуға ерікті еді. Ал 1810 жылдан бері қарай
бұл жай бұзылып, патша үкіметінің отаршылық саясаты Табын руының
ежелгі мекені осы Елек бойына да қол сұғуға кіріскен.
Елек сорындағы тұз-
ды Россияға жеткізетін жаңа жол салудан басталған әрекет
Жаңа Елек пен
Орынбордың арасына жиырма тоғыз бекініс орнатуға дейін барды. Бірте-
Достарыңызбен бөлісу: |