жастағы Байтабан батырмен танысып, екеуі бірден тіл табысады.
Сәмен жолаушылап келген досы Ожарға мұны айтады және Алтыншаштың хан
ордасына барғанын, Таймастың осында екенін жеткізеді. Әшкере боп қалғанын
бірден аңғарған Ожар Алтыншашты дырау қамшымен сабап өлтірмекші бола-
ды, әкесі Тайжан мен Сейтен батырды ұстап берген өзі екенін ашық айтады. Ал-
тыншаш кешіккеннен кейін үйіне іздеп келген Байтабан қызды дер кезінде
құтқарып қалып, Ожарды өлтіреді. Талықсып жатқан Алтыншашты көтеріп, хан
ордасына келеді. Кенесарыдан рұқсат сұрайды. Екеуінің тойы дүрілдеп өтеді.
Бұл кезде Қоңырқұлжадан көрген зорлық-зомбылығына жаны күйген Күмістің
әкесі үй ішімен Кенесары қолына кеп қосылған. Орысша тіл білмейтін Күмісті
Орынбор генерал-губернаторы Генске алып кірген Алтыншаш Қоңырқұлжаның
үстінен шағым айтады және жазықсыз айдалып кеткен ағаларын тірі болса,
шығартуға көмектесуін сұрайды.
Ақ патшаның бір топ «кәрі қылыш» жендеттері Кенесарыға қол ұшын берген
алтай руының бір ауылын қаннен-қаперсіз отырған жерінде шабады. Отыз
шақты адам қайтыс болады, ажарлы қыз-келіншектері мен бар малын айдап,
«Кенесары жағына шыққандардың көретін күні осы» деп, сәлем айтып кетеді.
Орынборға жеткен Есіркеген Күміспен кездесіп, келесі күні Петербургке атта-
нады. Орынбор шешімі бойынша Петербургке барған Күміске Есіркеген көмек-
тесіп, Қоңырқұлжаны орнынан түсіртеді.
Достарыңызбен бөлісу: