өзінің сегіз мың шаршы шақырымдай ең оңды мал жаятын жерінен айы-
рылды.
Міне, осы
о
қиғалар Жоламан батырдың атқа қонып қалың Табынды
соңынан ертуіне себеп болды. Жоламан ең алдымен патша өкіметінен жерін қан
төгіспей тату-тәтті келісіммен алуға ниеттенді. Осы үмітпен ол
1822, яғни
Жылқы жылы Орынбордың әскери губернаторы Эссенге ата-мекенімізді
қайтарып бер деп хат жазды.
Бұған еш жауап келмеді. Эссен жауап орнына қа-
зақтарды құмға қарай сырғыта түсу үші
н есаул Падуровты бас етіп арнаулы
жасақ шығарды.
Азғантай адаммен аттанған Падуров қолға түсті. Эссеннің қылығын қор-
лық санаған Жоламан Петербургтағы Бірінші Александр патшаның өзіне
әбілғазының әрінғазы сұлтаны мен Сырым батырдың баласы Жүсіпті
уәкіл етіп жіберді. Патша бұларды қабылдамады, әрі Петербургтен қайта
шығартпай қойды.
Бір жыл өткеннен кейін Жоламан Эссенге тағы хат жазды, өзінің ата-ме-
кен жері жайындағы өтінішін айта келіп, әрінғазы мен Жүсіпті, Орынбор
түрмесінде жатқан Құндақ баласы Төленбайды қоя берсе, есаул Падуровты
босататынын білдірді. Бұл хат та жауапсыз қалды. Бір ай өткеннен кейін
әбден күйінген Жоламан Эссенге үшінші хатын жолдады… Әскери губерна-
тор бұл жолы да жөнді жауап бермеді, тек қолындағы тұтқындардың төлеуі
деп үш жүз жиырма жеті сом ақша жіберді «және бұдан былай қарай ара-
мыздағы келіссөз Серғазы хан арқылы жүргізілсін» деді сол сүлесоқ қал-
пында.
Бұл қорлыққа шыдай алмаған Жоламан ақырында атқа қонды. Соңынан
Достарыңызбен бөлісу: