«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


сарбаздарын ертіп, үш жыл бойы Елек маңайына салынған бекіністер мен



Pdf көрінісі
бет177/248
Дата18.09.2024
өлшемі3,69 Mb.
#204595
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   248
Байланысты:
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау (1)

сарбаздарын ертіп, үш жыл бойы Елек маңайына салынған бекіністер мен
жаңа орнап жатқан қалаларды шабуылдаумен болды.
 Жоламан батырдың ойы: «Көп қорқытады, терең батырады.»
Қазақ ат қоюға қандай шебер. Адамның бойындағы бір жақсылығын, не
кемістігін тауып алады да соған сәйкес не мазақтайтын, не кекесін, немесе ма-
дақтайтын бір ат таба қояды.
 Қара Бура дегендері - Хорунжий Карпов.
 Карабин мылтықтың оқтауы жылдам болмағанмен, ол кездегі ең мықты
қару. Жоламан сарбаздарында бұл мылтық атымен жоқ. Жігіттердің қо-
лында сойыл-шоқпар, садақ. Тек кейбіреулерінде ғана Хиуа шеберлері істе-
ген ұзын мойын білтелі мылтық. Ең қолға ұстар қарулары - садақ.
 Жоламанның ақ көз Жәбірейіл, маңқа әлексалды деп тұрғаны Елек бой-
ындағы бекеттердің Гаврилло, Александр деген урядниктері. Ашуланғанда
көзі ағарып кететін Гаврилло мен мұрнынан мыңқылдап сөйлейтін Алек-
сандр, Елек бойының қазақтары арасында белгілі қан ішер, тас мінез қа-
тал урядниктер.
 Ақбөкен Табын руының бір момын адамының жалғыз қызы. Бесіктен
шықпай жатып нағашысы Жоламан оны Байтабынға айттырған-ды. Өзі
аққудың көгілдіріндей әдемі болып өсті. Мал баққан ата-ананың осы
жалғызына бір үлкен аста Серғазы ханның көзі түседі. Аста бәйгеден кел-
ген Табын руының аты шулы қара көк ақалтекесінен көрі, ханды осы атқа
шапқан сегіз жасар бүлдіршіндей ерке-шора қыз таң қалдырады. Қыздың
бой тұлғасы өзгеше еді. А
нау-мынау бала жігіттер шыдай алмайтын алыс ат


жарысына сегіз жасар Ақбөкен шыдады. Қыз тани білетін Серғазының қырағы
көзі осы сұлу пішінді балдырған жасты бірден шалады. Түбі осы қыздан бір ға-
жайып көрікті, не өнері асқан әйел шығатынын айтпай ұғады. Содан кейін ба-
рып… ас бітпей хан Ақбөкеннің әкесіне өзін төлеңгіт етіп алатынын білдіріп
«біздің ауылға көш» деді. Хан әмірі екі болған ба, үш-төрт күннен кейін момын
Жантемір Серғазы ауылына көшті. Ханға төлеңгіт болған адамның, өз бетімен
қыз беріп, қыз алуға құқы жоқ. Бәрін хан шешеді. Жантемір де осы салтты
сақтап азын-аулақ алған қалың малын Жоламанның туған апасы, Байтабынның
жесір қалған шешесі Күнкейге қайтып берген. Ауылдас болып, өзінің Байта-
бынға айттырылғанын білетін Ақбөкен оған деген отты сезімі оянбаса да,
біртүрлі жылы тартып, іштей оны өзіндік санап, жақсы көре бастаған. Кенет
тағдырының неге өзгергенін анық түсінбесе де әйтеуір бір сұмдықтың болғанын
сезіп, қимастықпенен жылай-жылай кете барған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет