«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны



Pdf көрінісі
бет17/248
Дата18.09.2024
өлшемі3,69 Mb.
#204595
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   248
Байланысты:
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау (1)

Кейіпкерлері:
Жібек - 
14 жасар Шекті руынан шыққан Сырлыбай ханның қызы. Ақылына көркі сай өте
сұлу. Жырдағы сипаты:
«Ақ маңдайы жылтылдап,
Танадай көзі жарқылдап
Алтын шашбау шашында.
Қыз Жібектің шаштары -
Қоғалы көлдің құрағы.
Көз сипатын қарасаң,
Сегіз бейіш ішінде
Хорлардың жаққан шырағы
Дүрі- гауһар сырғасын
Көтере алмай тұр құлағы
Қыз Жібектің ақтығы
Наурыздың аппақ қарындай,
Ақ бетінің қызылы,
Ақ тауықтың қанындай.
Екі беттің ажары
Жазғы түскен сағымдай,


Білегінің шырайы
Айбалтаның сабындай.
Оймақ ауыз, құмай көз,
Іздеген ерге табылды-ай
Өткірлігін байқасаң
Ұсталар соққан кетпендей,
Нұр тұқымын еккендей.
Бір ауыз сөз сөйлескен,
Мұратына жеткендей.
Тірісі түгіл, Жібектің,
Өлігіне адам қайырылып,
Бетінен келіп өпкендей.»
Төлеген - 
Базарбайдың зарығып күткен ұлы, 16 жасқа келіп, қалыңдық іздеп жолға шыға-
ды. Жағалбайлы елінен, Көкжорға атымен. Көрген әр сұлуға бір жорғадан беріп отырады.
Жібектің ғашығы.
Базарбай - 
өзі сексенге, кіші әйелі қырық төртке келгенде Төлегені дүниеге келеді. Өзі
бай болады.
Сансызбай - 
Төлегеннің батыр інісі. Кейін Қыз Жібекті әмеңгерлік дәстүрмен алған, Хо-
ренді айқаста жеңген.
Шеге - 
Сансызбайдың ақын, батыр досы. Қыз Жібекті алуға көмектескен.
Қаршыға - 
Сырлыбай ханның ақылшысы. Төлеген мен Жібектің кездесуіне себепші жан.
Бекежан - 
сұм, қу бейне ретіндегі кейіпкер. Қособада Төлегенді өлтірген арғыннан
шыққан Жібекке ғашық жандардың бірі.
Хорен - 
Жібекті алғысы келген қалмақ ханы.
Төлегеннің анасы, Сырлыбай хан, Жібектің жеңгесі мен анасы.
«
Маңызды деректер:
Жүз Жағалбайлы елі мекен еткен жер: Мекке жолындағы тылсым дария, Қара теңіз жағасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет