Білегінің шырайы
Айбалтаның сабындай.
Оймақ ауыз, құмай көз,
Іздеген ерге табылды-ай
Өткірлігін байқасаң
Ұсталар соққан кетпендей,
Нұр тұқымын еккендей.
Бір ауыз сөз сөйлескен,
Мұратына жеткендей.
Тірісі түгіл, Жібектің,
Өлігіне адам қайырылып,
Бетінен келіп өпкендей.»
Төлеген -
Базарбайдың зарығып күткен ұлы, 16 жасқа келіп, қалыңдық іздеп жолға шыға-
ды. Жағалбайлы елінен, Көкжорға атымен. Көрген әр сұлуға бір жорғадан беріп отырады.
Жібектің ғашығы.
Базарбай -
өзі сексенге, кіші әйелі қырық төртке келгенде Төлегені дүниеге келеді. Өзі
бай болады.
Сансызбай -
Төлегеннің батыр інісі. Кейін Қыз Жібекті әмеңгерлік дәстүрмен алған, Хо-
ренді айқаста жеңген.
Шеге -
Сансызбайдың ақын, батыр досы. Қыз Жібекті алуға көмектескен.
Қаршыға -
Сырлыбай ханның ақылшысы. Төлеген мен Жібектің кездесуіне себепші жан.
Бекежан -
сұм, қу бейне ретіндегі кейіпкер. Қособада Төлегенді өлтірген арғыннан
шыққан Жібекке ғашық жандардың бірі.
Хорен -
Жібекті алғысы келген қалмақ ханы.
Төлегеннің анасы, Сырлыбай хан, Жібектің жеңгесі мен анасы.
«
Маңызды деректер:
Жүз Жағалбайлы елі мекен еткен жер: Мекке жолындағы тылсым дария, Қара теңіз жағасы.
Достарыңызбен бөлісу: