«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


Жанры:  Шыншыл ертегі « Композициялық талдау



Pdf көрінісі
бет20/248
Дата18.09.2024
өлшемі3,69 Mb.
#204595
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   248
Байланысты:
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау (1)

Жанры
Шыншыл ертегі
«
Композициялық талдау:


Басталуы: 
Хан тапсырмасы
Байланысуы: 
Ханның Жаманды сынауы
Дамуы: 
Жаманның жұмбақты шешіп, серт беруі. Меңдіге үйленуі
Шиеленісуі: 
Қырық уәзірдің іштарлығы. Ханды азғырулары
Шарықтау шегі: 
Ханның Жаманды сағынуы. Уәзірлерге реніш-ызасы.
Шешімі: 
Жаманның даналығын моойындаған ханның өз тағын беруі.
«
Кейіпкерлері:
Мадан хан - 
сол елдің ханы, билеушісі.
Қырық уәзір - 
ханның кеңесшілері, ақылдасушы адамдар.
Жаман - 
өте әділ, данышпан, түрі жаман болғанымен өте ақылды адам. Кейін Аяз би
атанған дана, басты кейіпкер.
Ақша хан - 
Мадан ханның құдасы.
Ханның шешесі - 
Мадан дүниеге келгенде өз қызымен ауыстырып алған.
Зәрлі хан - 
атасы, әйелдерді қыз тапқаны үшін өлтірген қатігез.
Меңді - 
ақылына көркі сай Уәлі байдың қызы. Жаманның жары.
Шал - 
жұрттан асқан дана.
«
Маңызды деректер:
Ханның тапсырмасы: 
дүниедегі адамның жаманын және шөптің жаманын, құстың жаманын
тауып келіңдер. Он бір ай уақыт беремін.
Қырық уәзірдің алып келе жатқандары: шеңгел(
«Өзі - тікен, арасынан жүрсе, киім жыртады,
мал жемейді екен, шөптің жаманы осы гой»
), қырғауыл(
«Үстінде жүні жоқ, ұсқыны келіссіз,
құстың жаманы осы екен»
), Жаман(
таудың етегінде, үстінде жыртық тоны, басында тері ты-
мағы бар, бір адам бес-он қойды бағып жүр
еді).
Жаманның айтқаны: қарақоға мен сауысқан. 
Елу жасқа келіп жаман болған жоқпын, жасым-
нан-ақ жаман едім. Өмірім отын, су тасумен кісі есігінде құлшылықта өтті. Сол уақытта
шеңгелді әкеліп отқа жақсам, кешке жаққан отым ертеңіне дейін, сексеуілдің шоғындай жай-
нап жататын еді. Сол уақытта «Киім жыртып, мал жемейтін шеңгел отын болып, пайдаға
асады екен-ау», - деп, ойлаған едім. Ал енді қарақоғаны алып, отқа жақсам, жанбайтын еді,
үрсем, жалыны мен шоғы бірге сөніп, күлі бұрқырап үйдің ішін алып кететін еді. Отқа жан-
баған соң апарып малға салсам, барлық мал мұрнын жиырып, жемейтін. Сонсоң: «Қарақоға
тіпті пайдаға аспайтын шөп қой», - деп ойлаушы едім. Қарақоғаның жамандығын содан біл-
дім, - дейді.
Қырғауылдың қанаты бар да, жүні жоқ болса да, адамның пайдасына жарайтын құс еді. Біре-
удің сиықсыз болуы оның жаратылысынан. Қырғауылдың айыбы - тек сиықсыздығы. Ал са-
уысқанның жүні ала болғаны сияқты, өзі де ала, бірлігі жоқ. Екеуі бірігіп ұшпаған, екеуі
бірігіп қонбаған, адам пайдасына аспайтын құс еді. Сондықтан құс жаманы - сауысқан дей-
мін.
Менің жасым елуге келді. Мен қатарлылар әйел алып, бала көрді; келін жұмсап, қызық көріп
отыр. Мен қайда болса сонда, әлі күнге дейін әркімнің артына мінгесіп, басқа біреудің құл-
шылығында жүрмін. 
Тұлпарды сынағанда басқа мін таппайды, тек сиырға шатыс екенінбіледі. Тұлпар судан өт-
кенде, сиыр сияқты аузын суға малып, артқы аяғын сілкіп өтеді екен, содан ілген.
Тұлпардың биесін Маданға Ақша хан деген құдасы береді. Бие құлынды туа алмай өлер
болған соң, ішін жарып құлынды алған екен. Әбден отығып кеткенше сиыр сүтімен асырап-
ты.
Ханның гауһар тасы Сүлейменнің жүзігіндей, Мұсаның асасындай, дәуіттің қоржынындай
қасиетті деп сипатталады.
Жаманның гауһар тасты сынауы: «Тас расымен қасиетті, бірақ екі жылдан кейін қасиеті
бітеді. Тас жеңілдеген екен, ішінде екі ақ-қарабас құрт бар, тастың пышақ сырты қалыңдығы
қалыпты.»


Ханды сынағандағы жауабы: Қарадан хан болып туыпсыз, атаңда хандық жоқ, наубайдың ба-
ласысыз.
Ханның шешесі сексенге келген. Зәрлі ханның он тоғыз әйелі болған, 19-ы да қыз тапқан-
дықтан, бәрінің ішін жарып өлтірген. 20-әйел шешесі екен, тәуіптерге қаралса ішінде қыз
екен. Сол кезде аспаз наубайдың әйелі де балалы, ішінде қл екен. Екеуінің толғағы бір күнде
ұтап, балаларын ауыстырып алған екен.
Жаман Меңді қызға пышақты жетесінен сындырып, қайрақты ортасынан бөліп, тәрелкені уа-
тып, гауһар тасты қақ жарып уәде береді.
Қырық уәзір іштарлығынан ханды азғырады, Жаманның әйелін мақтайды. Ханмен кеңесіп,
оны Барсакелмеске мына заттарды алып келсін деп бұйырады: інжулі үйрек, қой, дәудің ін-
жулі қара арғымағы. Әйелінің айтқанындай Жаман семіз жылқыны алып, 40 уәзір үш күндік
жерге кеткесін арттарынан қайтады. Жылқыны сойып алып, үйінде тығылып көп жылдар жа-
тады.
Қыз ханға өзің құрттары бар гауһар тасқа теңейді.
Жаманды Ақша хан еліне көшіріп салады.
Ханның көп жылдардан кейінгі 40 уәзіріне айтқан сөзі: «Жау шапты, ел бүлінді, апат соқты».
Жауабы: Күлдіреуіштің басы шығып кеткен екен, соны түзеп қою.
Аң аулап жүріп, қой баққан шалды көреді.
Сол жерде отыз тоғыз атты сойып, бір атты қалдырып, сойған аттардың біреуінің етін өз-
дерінің киімін жағып пісіріп, етін жеп алады. Етті жеп болған соң, соймай қалдырған ала шо-
лақ атқа Жаман мінеді, қолына құрық алып, жалаң аяқ, жалаң бас уәзірлерді ханға айдап
жөнеледі.
Ханның: «Бұл таудың басын қырау шалғалы неше жыл болды?» дегені: «Сенің шашыңа ақ
кіргелі неше жыл болды?» дегені еді. Шал: «Шашыма ақ кіргелі жиырма жыл болды», - деді.
Ханның: «Бұл таудың етегін қырау шалғалы неше жыл болды?» дегені: «Сақалыңа ақ кіргелі
неше жыл болды?» дегені еді. Шал: «Оған да он бес жыл болды», - деді. Ханның: «Бұл тау-
дың басынан бұлақ аққалы неше жыл болды? дегені: «Көзіңнен жас аққалы неше жыл бол-
ды?» дегені еді. Шал: «Оған да бір он жыл болды», - деді. Ханның: «Ата, өзің нешеусің?» де-
гені: «Үйінде неше жаның бар?» дегені еді. Шалдың: «Жатқанда екеуміз, тұрғанда төртеуміз»
дегені: «Менің бұрынғы әйелім өліп еді, қазіргі әйелімнің байы өлген; түнде жатқанда екеу
болғанмен, күндіз қойда жүргенде мен өлген әйелімді сағынам, қазір әйелім үйде отыр,
өзінің өлген ерін ойлайды», - дегені еді. «Жатқанда екеу, тұрғанда төртеуміз» дегені - сол еді.
Ханның «Қырық асыранды қазым бар, соны қан шығармай сойып, білдірмей жұлып, күйдір-
мей пісіріп беретін кісі бар ма?» дегені: «Менің ақылсыз қырық уәзірім бар, соларды ұрмай-
соқпай жөнге салып беретін кісі бар ма?» дегені еді. Шалдың: «Адамына тап болсаң, айтқа-
ныңнан асырар» дегені, оның шешуін маған жолдағаны еді. Сендер мені іздеп барған соң,
үстеріңдегі киімдеріңді алып отқа жаққаным, білдірмей жұлғаным, күйдірмей пісіргенім;
сендерді алдыма салып жалаңаш, жаяу айдап ханға әкелгенім, қан шығармай сойғаным еді.
Ал енді осымен ханның жұмысы біткен шығар? - деп, Жаман соңғы жұмбақтың да жауабын
дәл шешеді.
Хан Жаманға тағын береді. Жаман өзінің жыртық тоны мен жаман тымағын ордасының
мандайшасына шегелеп қояды.
«Аяз би, баймын деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл!»
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет