Бекторының айтқаны: «Қазақта қорқақ адамды жүрегі жоқ адам дейді.
Әрине, сенде жүрек деп аталатын нәрсе бар, бірақ ол қанды ары-бері
айдайтын мүше ғана, бір жапырақ ет қана...»
Банкілерде әлдебір сұйықтың ішіне салынған жүректер.
Бекторы иелерінің
аттарын атап келе жатыр. Қайырболды өзі танитын бірнеше кеденші офицерлер-
дің, полиция қызметкерлерінің, жұмыс бабымен алдарына барған тағы да талай
үлкен шенеуніктердің жүректерін көрді. Олардың, адамға деген аяусыздығы-
ның, зорлық-зомбылықтарының сырын енді түсінген. Адамдардың бір-біріне
неге қиянат жасайтынын ұққан.
Бекторының ұсынысы: «Жүрегіңді маған бер, орнына мәрмәр жүрек са-
лып беремін.»
Бекторынынң ойынша бүгінгі бостандық, бүгінгі азаттық пен еркіндік -
ақшада.
Қайырболды он бір бөлмелі үйде оянады. Жаңа өмірін меншік иеленуден ба-
сайды, қисапсыз ақша туыстық сезімді де, ұятты да ұмыттырды. Ата-әжесінің
үйіне кірмей жиіркеніп кетіп қалады, бір рет қана есіне салып, ақша салып жібе-
реді.
Содан соң жанына шетелдің тілдеріне жетік, жөн білетін бірнеше адамды алып
дүниені аралап сайранды салды. Аз жылдың ішінде бармаған жері қалмады.
Па-
риж, Лондон, Рим, Мадрид, Амстердам... Мұхиттан өтіп Нью-Йорк, Токио,
Гонконгқа барды...
Әлемдегі ең ірі буржуазиялық курорттардың көбінде бол-
ды... Қызық үшін Ресей олигархтары таңдап алған Куршевельде екі апта болып
Швейцарияның қысқы көркін тамашалап қайтқан. Және барлық жерде
«Мерку-
рийдің», швейцар тағы басқа банктердің сиқырлы кредит кәртішкесінен
ақша тоқтаусыз төгіледі,
есіктер өздерінен өздері ашылады, қызмет өз-өзінен
көрсетіледі. Ақша әкелетін бостандықтың не екенін енді түсінгендей.
Сәрсен дәрежесі өсіп енді Қайырболдының іс басқарушысы болып тағайын-
далған.
Көлік атауы -
«Бентли».
|