«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


Ақсақ Темір, арабтар, Иранның шахы келді



Pdf көрінісі
бет240/248
Дата18.09.2024
өлшемі3,69 Mb.
#204595
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   248
Байланысты:
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау (1)

 Ақсақ Темір, арабтар, Иранның шахы келді,
өз тілдерін біз-
ге теліп баққысы келді. Алайда қолымызды қанша тартқылағанмен, саусақтары-
мыз жұлынған жоқ, біздің ағашымызды қанша теңселткенмен бұтақтарымыз
сынған жоқ.
Ана тілім менің!
Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тірлігім – сен-
сің, мен сені мақтан етем. Сонау тұңғиық терең жер түбінен жарыққа, күнге, жа-
сыл шөпке асыққан бұлақ суындай ана тілімнің сөздері жүрегімнен қайнап
шығып, алқымыма тіреледі. Ернім күбірлейді. Өз күбіріме өзім құлақ тігем, ана
тілім, саған құлақ тігем, сонда маған бейне тұңғиықтан шымырлап шыққан тау-
дың асау өзені елестейді. Мен судың бүлкіл қаққан дыбысын сүйем. Мен болат-
тың сыңғырын ұнатам, қынабынан суырылған екі қанжардың бір-біріне


соғылған дыбысын сүйем. Осының бәрі менің тілімде бар. Сондай-ақ махаббат
сыбырын да жақсы көреді. Уа, менің ана тілім, сені де жұртқа білгізу маған өте
қиын, сенің алуан түрлі үнің неткен әсем еді, авар боп тумаған кісіге үйрену де
қиын оларды, о, егер біле қалсаң, оларды айту дүниенің рақаты емес пе, шір-
кін!»
Дағыстанның үйлену салты мен кәде-жорасын айтуға ұзақты күн жетпейді.
«Дағыстан халықтарының салттары»
деген кітапты қалағандарыңызға сый-
лауға болады.
Дағыстан, ол тек географиялық ұғым емес. Оның өз кескіні, өз мақсаты, өз ар-
маны бар. Ортақ тарих, ортақ тағдыр, ортақ қасірет, ортақ қуанышы бар.
Менің ұлым авар анасы үйреткен тілді ұмытуға тиіс емес
Суретші жігіт қайда барса да, өз елін, туғанжерін аңсап, зарыққан екен.
Бір суреттің аты «Елді аңсау» екен. 
Суретте байырғы авар киімін киген ита-
льянка (суретшінің әйелі) бейнеленген. Ол тау ішіндегі бұлақтың басында тұр,
қолында – атақты гоцатлин шеберлері нақыштап жасаған күміс құмыра. Тау бау-
райында – қайғырып, тұнжырап тұрған авардың тас ауылы. Ауыл үстіне төніп
тұрған таулар бұдан да бетер қайғырып, тұнжыраулы. Тау төбесін тұман басқан.
Тұман - көздің жасы, яғни суретшінің өзі. Таудың баурайын тұман басқанда, та-
стың тілім-тілім әжімін бойлап, мөлдір тамшы ағады ғой.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет