Жәнібек приставқа себеп болды.
Ертеңінде құтылып,
Ұзынағашқа
Паңдатып келе жатты
қара жолды.
-
эпитет
Бөлек-бөлек топтанып,
шоқтай б
олып, -
теңеу
Бай көпесті өлтірді Ботпай
болып.
Қолына онан басқа түк түспеді,
Кезсе де бұл маңайды әбден шолып.
Ақыры ұлыққа түк қыла алмастан,
Не боларын бұл істің біле алмастан,
Күш жинамай, қарусыз ұрыс қылып,
Бозбаланы бітірді кек алмастан.
Шиенде*
де әскерлермен ұрыс болды,
Сол ұрыста топ басы Саттар өлді.
«Саттар өлді, ел қашты» деген хабар
Ел-елдерге жайылды оң мен солды.
Шұбырып тауға қарап ел жөнелді,
Не боларын соңының кім біледі?
Тауға шығып өрмелеп, тасқа бұғып,
Елдің бәрі жанынан түңілді енді.
Ертеңінде ел-елге әскер барды,
«Шапшаң түсіп, келсін» деп хабар салды.
«Қашқандарды атады» дегеннен соң,
Таудағылар кірер жер таба алмады.
Аттандық ұлығының қонысына,
Елді сорған борсықтай
болысына. -
теңеулі эпитет
Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып
Көксеген азаттықтың соғысында
. -
күрделі эпитет
*Самсы - жер аты.
*Ботбай - ру аты.
*Шиен - Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Суықтөбе тауының солтустігіндегі елді мекеннің аты.
«
Түсінік:
Тарихи оқиға негізінде жазылған өлең. Азаттықты аңсаған халықтың қаһармандық қасиетін таны-
татын құнды мұра.
Достарыңызбен бөлісу: