«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта



Pdf көрінісі
бет82/248
Дата18.09.2024
өлшемі3,69 Mb.
#204595
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   248
Байланысты:
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау (1)

Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта,
бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз.
Енді осы
күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп
надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып ке-
теміз.
«31 ҚАРА СӨЗ»
«
Түсінік: 
Әр нәрсеге зейін қою арқылы есте сақтау, ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселерден аулақ бо-
луға шақырады.
«
Маңызды деректер:
Естігенде бір нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - 
көкірегі байлаулы берік болмақ керек;
екін-
ші -
 сол нәрсені көргенде я естігенде ғибрәтләну керек , көңілденіп , тұшынып ,ынтамен ұғу керек;
үшін-
ші - 
сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып,ойланып , көңілге бекіту керек;төртінші ой кеселдерінен
қашық болу керек.
Егер кез болып қалса,салынбау керек. 
Ой кеселдері: уайымшы салғырттық, ойыншы-
күлкішілдік, я қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу. 
Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғы-
лымды тоздыратұғын нәрселер.
«17 ҚАРА СӨЗ»
«
Түсінік: 
Ақыл, қайрат, жүректі бірде ұста дей отырып, адамгершілікке, білімге, адалдыққа үндейді. Үшеуін
қатар ұстаған адамнан ешқашан жауыздық шықпайды дейді.
«
Маңызды деректер:
Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат
айтыпты: «Ей,
ғылым, өзің де білесің ғой, 
дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғының; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-
жалықпай үйрену керек, ол - менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына
келтірмек те - менің ісім.
Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды.
Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен,
нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен
емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет